15-09-2008  ЕМДІК ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

«Артта қалушылар қатарынан алдыңғы қатарға», - «АЯЛА» қорының келуімен мекемедегі жағдайдың өзгеруін №2 балалар шипажайының қызметкерлері осындай сөздермен сипаттады.      

Сенсорлық бөлмеге, жаңа балалар алаңшасына, жөндеуден өткен жатын бөлмеге және басқа да жасалған игі істерге қоса, біз шипажайда емдік дене шынықтыру кабинетін жабдықтадық. Жаңа спорттық жабдық медицина қызметкерлеріне жүйке жүйесі мен тірек-қозғалыс аппаратының сырқаттарымен ауыратын көптеген баланы аяғына көтеруге көмектеседі.