20-10-2008  ЕМДЕУ БҰРЫНҒЫДАН НӘТИЖЕЛІ БОЛАДЫ

1-ші балалар инфекциялық ауруханасының реанимация бөлімшесінде күрделі жөндеу аяқталды. Бұл жаңалық дәл осы күні бөлімшеге жұмыс үшін қажетті барлық реагенттерім, пробиркалары мен қосалқы жабдығы бар заманауи биохимиялық зертхана жеткізіліп, орнатылғандықтан, екі есе қуанышты болды.

Статистика бойынша қарқынды терапиядағы өлімдер мен асқынулардың басым көпшілігі демалыс күндері немесе түнгі уақытта зертхананың жұмыс істемеуінің себебінен орын алады. Және пациенттердің гомеостазының ауыр жағдайын түзетуді дәрігерлер тек «шамалап» қана өткізеді. АЕ-600 жартылай автоматты талдамашысы пайда болғандықтан, енді ауыр сырқаттанған пациенттерді емдеу дәлірек, демек бұрынғыдан нәтижелі болады.