01-11-2008  ЖАҢА ЖАБДЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

№2 ҚБКА реанимация бөлімшесіне қор қызметкерлері қосымша жабдық -  3 жаңа инфузоматты жеткізді. Бұл аппараттар қарқынды терапия бөлімшесінде жатқан кішкентай пациенттерге қажетті дәрі-дәрмектерді тәулік бойына, нақты өлшеп бөлу және дәрігер қатаң тағайындаған уақытта беру мүмкіндігін береді. Инфузомат, адамға қарағанда, өлшеу жағынан ешқашан қателеспейді және егу уақытын өткізіп алмайды.