12-11-2008 ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ Бұл күн Республикадағы қайырымдылық қозғалысының асулы кезеңіне айналады деген үміттеміз. Бізге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры ұсынған залда 12 қарашада қайырымдылық ұйымдарының «жұмысшы кездесуі» өтті. Кездесудің мақсаты – қайырымдылық қорлары қауымдастығының (ҚҚҚ), Қайырымдылық саласында жұмыс істейтін барлық ұйымдар қауымдастығының прициптерін талқылау. Қайырымдылық саласында «байырғыдан бері» қызмет етіп келе жатқандардың арасында осындай қауымдастықты құру идеясы бұрыннан айтылуда, дегенмен тек «АЯЛА» және «ДАРА» атты «жас» қорлардың бастамасы ғана жобаны «өлі нүктеден» жылжыту мүмкіндігін берді. Пікірталастар барысында ҚҚҚ негізгі идеясы – әріптестердің жобалары жайлы ақпарат, «қиылысатын» жобалардағы ынытмақтастық және т.с.с. және басты идея – ҚҚ мүдделері саласындағы ҚР заңнамасын өзгертудегі барлық қорлардың күшін біріктіру идеясы туындады. 2009 жылдың қаңтар айына қарай жалпықалалық шара - Алматының барлық әрекет етуші қайырымдылық және қоғамдық ұйымдарының конференциясын өткізу және осы кездесуде – «мүдделері бойынша» одақтарды, глобальдық бірлестіктерді, лобби-коалицияларды қалыптастыру, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықтың барлық түрлерін жүзеге асыру жоспарлануда. |