20-12-2008 ЖАҢА ЖЫЛ ШЫРШАСЫ Алматы циркінде «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары қаланың барлық балалар үйлерінің, 1-ші облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін, №2 және №3 балалар шипажайында денсаулығын оңалтып жатқан балалар, сәбилер үйлері мен нашар еститін және саңырау балаларға арналған интернаттардың тәрбиеленушілері, Ауған соғысы ардагерлерінің және есту қабілеті бойынша мүгедектердің балалары, өсу гормонының тапшылығы бар балалар үшін Жаңа жыл шыршасын өткізді. Барлығы Шыршаға бір жарым мыңнан астам бала қатысты. Балалар цирк әртістерінің орындауындағы заманауи Жаңа жылдық ертегіні тамашалады. Осы қайырымдылық шарасының ауқымы 1 маусымда «АЯЛА» және «ДАРА» қорлары балалар үйлерінің 500 тәрбиеленушілері үшін жазда өткізген «Күлкі күніне» қарағанда айтарлықтай зор болды. Ал бұл мереке көптеген игі жандардың жасаған жәрдемінсіз мүмкін болмас еді. Цирк әртістері мен әкімшілігі бұл күні ақысыз жұмыс істеді. Қалалық денсаулық сақтау департаменті «жедел» медициналық жәрдем бригадасының кезекшілігін қамтамасыз етті, бірақ медициналық көмек ешкімге қажет болмады. Бұл жолы да мереке жақсы өтті. «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорларының қызметкерлері еріктілерге, цирк қызметкерлеріне, автобус жүргізушілеріне, МАИ және «жедел жәрдем» қызметкерлеріне – бізге осы мерекені ұйымдастыруға көмектескен барлық игі жандарға шексіз алғысын білдіруде. КЕЛЕ ЖАТҚАН ЖАҢА ЖЫЛЫҢЫЗБЕН!
|