19-02-2009 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ Бүгін 5-ші қалалық клиникалық ауруханада профессор С.Б. Нұрмағанов 6 жасар балаға бірегей операция жасады. Оған қойылған ауыр диагноз – есту жолының артезиясы. Бәріне түсінікті болу үшін – баланың туылғаннан бері оң жақ есту жолы жоқ. Бұрын мұндай пациенттер өмір бойына мүгедек болып қалатын. Бірақ профессордың авторлық әдістемесі мен біздің қордың клиникаға табыстаған жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың арқасында осы секілді және басқа да ауыр құлақ патологиясы бар ондаған, жүздеген пациенттерде есту қабілетін қалпына келтіру және әрі қарай толыққанды өмір сүруге деген мүмкіндік пайда болды. |