04-05-2009  ЗАМАНАУИ БРОНХОСКОП

Біздің қор Алматы қаласының №1 клиникалық балалар ауруханасына жаңа бронхоскопты табыс етті. Бұл құрылғы балалар хирургиясы саласындағы жетекші мекеменің дәрігерлеріне жүздеген өмірді құтқарып, конструктордың шағын бөлшегін, тамақ кесегін немесе басқа да шағын затқа қақалып қалған немесе оны «жұтып» қойған қала мен облыстың мыңдаған сәби пациенттерінің денсаулығын құтқаруға көмектеседі.   Мұндай «ұсақ-түйек» тіпті сәбидің өліміне әкеп соғуы мүмкін. Көбіне ауыр операцияға және ұзақ уақыт ауруханада жатып, балғын сырқаттың ұзақ әрі бейнетті қалпына келуіне әкеледі. Жаңа бронхоскоп – қордың 1 ҚБКА мен қаланың басқа да мекемелеріне көрсеткен көмегінің бір бөлшегі ғана. Бұл аппараттың құны 1 640 088 теңге. Біздің көмегіміз демеушілердің және Қазақстан Республикасының қарапайым мейірімді жандарының көмегінсіз мүмкін болмас еді. Осы Рақымшыл Жандарға шын жүректен алғыс білдіреміз! Көп рахмет!