12-04-2010 ИНГАЛЯТОРЛАРДЫҢ №1 ЖӘНЕ №8 ЕМХАНАЛАРҒА ЖІБЕРІЛУІ Қорымыз Алматы қаласының балалар медициналық мекемелеріне көмек көрсетуін жалғастыруда. Бүгін №1 және №8 емханаларға заманауи ингаляторлар жіберілді. №1 емханаға- 3 ингалятор, №8 емханаға-2 ингалятор жіберілді. Бұл ингаляторлар жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларын емдеуге арналған. Осы тәріздес ингалятор, ангина, фарингит, ларингит, трахеит және мұрын қуысы ауруларының тез арада жазылуына септігін тигізеді. Аталмыш емхана қызметкерлері әрдайым көрсетіп жатқан көмегіміз үшін, қорымызға деген ыстық ілтипаттары мен шексіз алғыстарын білдірді. |