28-05-2010  АСТАНАДАҒЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

Бүгін Парламентте «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығын қорғауды заңды қамтамасыз ету - мәселелері мен болашағы» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл шара 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау Күніне жатқызылған шара болатын. Бір мақтанышты жағдай, осы конференцияға қатысуға біздің қорымыздың өкілі әдейлеп шақырылыпты. Демек, «АЯЛА» қоры Алматы қаласынан басқа қалаларға да белгілі болғаны ғой, қандай жағымды жағдай дейсің. Алдымен, пленарлық отырыс болды. Содан кейін секциялық отырыс басталды. Оған «АЯЛА» қорының Президент Кеңесшісі Жангельді Сарсенов қатысты. Бұл секция Денсаулық сақтау саласындағы балалар құқығын қорғау мәселелеріне арналған болатын.