04-06-2010  ДӘРІГЕРЛЕР БАЛАЛАРДЫҢ ЕСТУ МҮМКІНДІГІН АШУДА

№5 қалалық клиникалық ауруханасынан біздің қорымызға көңіл көтеретін хабар келіп түсті. Өткен 2008 жылы осы ауруханаға біз бірегей құралсайман алып берген едік. Соның көмегі оң болыпты, сол сайманның арқасында ЖҮЗ (100) баланың есту қабілеттері қайта орнына келіпті. Айтарлықтай, дамудың қорқынышты кеселін, яғни, баланың сыртқы есту шығыс – кірісі негізінде жоқ жағдайда, тек операция оған есту мүмкіндігін бере алады, дейді дәрігерлер. Осындай операция жасату үшін, Қазақстан еліміздің түкпір – түкпірінен №5 қалалық клиникалық ауруханасына науқас балалар үзілмей жиналуда. Бұндай операция жасауға мүмкіншілік бере алғанымызға біз де қуаныштымыз. Ал Сіздердің көмектеріңізсіз біз де оны жасай алмаушы едік. Негізі, көлемді қаржы сомасы біздердің қайырмалдық бокстарымыздан түседі емес пе.