29-06-2010 ШИПАЖАЙДЫҢ ЖАЙЛЫЛЫҒЫ АРТА ТҮСТІ Қорымыз №3 «АЛАУ» балалар шипажайына көмек беру үрдісін жалғастыруда. Аталмыш шипажайдың тағы екі бөлімшесіне әдемі және ашық түсті, ең бастысы сенімді киім шкафтары орнатылды. Бөлімшелерде тұрған ескі шкафтардың, тозғандығы соншалық, шипажайда дем алып жатқан балалардың денсаулығына қатер төңгізетін. Ескі шкафтар талай рет құлаған. Абырой болғанда, шкафтар құлаған кезде жанында балалар болмаған. Қорымыздың орнатқан жаңа шкафтары көп жыл бойы қызмет атқарып ғана қоймай, сонымен қатар шипажайдың жайлылығын арттыратындығына сенімдіміз.
|