20-04-2009  ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ

Palladium Jazz Club-та Қайырымдылық қорлары қауымдастығының кезекті жиналысы болып өтті. Біздің қор осы кездесудің модераторы қызметін атқарды.

Жиналыстың басты тақырыбы - Қазақстан Республикасындағы балалар кардиохирургиясының жағдайы. Осы мәселенің ағымдағы жағдайымен жиналысты Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері, Сызғанов атындағы ҰХҒО  және қалалық кардиоорталықтың кардиохирургтері таныстырды.  

Жиналыста аталған сандар мынадай болды – ҚР-да жыл сайын жүрек ақауларымен дүниеге келетін 3-5 мың баланың шамаман 2%-на ғана операция жасалады.

Балалардың 80% бір жасқа дейін шетінеп кетеді.

Осы мәселені шешудің «мың қадамының» алғашқысы ретінде ҚҚҚ Сызғанов атындағы ҰХҒО реанимация бөлімшесіне 2 арнайы жоғары технологиялық құрылғыны сатып алуды шешті.

Бұл операция жасалған нәрестелердің кем дегенде еке еседен көп бөлігін аман алып қалу мүмкіндігін беретін реанимациялық үстелдер.

 «ДАРА» қоры ҚҚҚ шектерінде өткізілген ҚР «Неке және отбасы туралы» Кодексіне баланы асырап алу жағынан түзетулер енгізу жұмысы жайлы «есеп берді».

 «Шын Жүректен» ҚҚ «Қазақстанның қайырымдылық қорлары қауымдастығының» ақпараттық желісі құрылатындығы жайлы хабарлады. Бұл жоба ҚР Тұңғыш Президенті қорының қолдауына ие болды.

Қайырымдылық қорлары қауымдастығының келесі жиналысын қыркүйекте өткізу жайлы шешім қабылданды. Бұл жиналыстың модераторы ретінде «Бірге рак ауруына қарсы» ҚҚ тағайындалды.