16-10-2009 «ҚЫЗЫҚ СТАРТТАР» АСК спорткешенінде Қордың Тұңғыш Президентінің қамқолығымен №2, №3 үш балалар үйінің, және №1 облыстық балалар үйінің арасында «Қызық старттар» өтті. Жарысқа 5-6- сыныптардың оқушылары мен қолдау топтар қатысты. Жюри қатарына, Қордың Тұңғыш Президентінің, «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорларының өкілдері және біздің Олимпия чемпиондарымыз Ольга Шишигина мен Жақсылық Үшкеміров кірді. Жарыс өте қажырлы болып өтті, баралардың стартқа алдын – ала дайындалғандары көрініп тұрды. Қолдау топтары өз нөмірлерін көрсетті. Сәл ғана асып, № 1 қалалық балалар үйінің командасы жеңді, ал № 2 қалалық балалар үйінің және № 1 облыстық балалар үйінің командалары бірдей дерлік қорытындыға жетті. Жарысты ұйымдаушылар ұсынған марапаттаудан басқа, № 2 балалар үйі біздің қордан үстел тенисімен шұғылдану үшін барлық керек бұйымдарын алды – үстелді де, ракеткаларды да, шариктерді де. Біздің қорымыз әрі қарай да осындай шараларға қатысуды жоспарлап отыр, себебі амалсыз ата – аналарының қамқорынан айырылып қалған балалардың беттеріндегі қуанышты күлкіні көру өте сүйсінішті емес пе.
|