08-04-2009  БАСПАСӨЗ – КОНФЕРЕНЦИЯ

Қазақстанның баспасөз клубында «Қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының қауымдастығы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс жобасының «баланы асырап алу» тарауына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияда мемлекеттің қамқорлығындағы балаларды асырап алуға, оларды қамқорлыққа алу мен отбасында тәрбиеленуге деген мүмкіншіліктерін айтарлықтай арттыратын ҚР Парламентіне ұсыныстары (Неке және Отбасы туралы жаңа Кодекс жөніндегі жұмыс тобына), сондай-ақ Қазақстан үкіметіне басқа да ұсыныстар жасалды.

Баспасөз конференциясында біздің қормен қатар, «ДАРА» қайырымдылық қорының, «Милосердие» Ерікті Қоғамы» қоғамдық қорының, «Әйелдердің шығармашылық бастама лигасы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері, «Жанұя» балалар үйінің директоры, «Хабар Агенттігі» АҚ-нан Айгүл Мүкей қатысты.