27-01-2010  ҚАЙЫРЫЛЫМДЫҚ ҚОРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ МЕРЕЙ ЖИНАЛЫСЫ

Қайырымдылық қорлары қауымдастығының мерейтойлық жиналысы Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қорының ғимаратында өткізілді. Осыдан дәл бір жыл бұрын осындай жиналыс барысында Қауымдастықтың ашылуы мәлімденген болатын. Қауымдастықтың атқарушы директоры Мұхамеджанов Бектас Ғафурұлы жылдың қорытындылары жайында қысқаша түрде баяндама жасады. Қорытындылардың саны әрине көп.«Қазақстандағы қайырымдылық» атты ақпараттық порталдың ашылуы жайында «ШЫН ЖҮРЕКТЕН» қоғамдық қорының президенті Михаил Филонов айтып өтті. «МАСП» Қоғамдық қорының тұсау кесерінСильвия Галбиати мен Тициана Гуалтьери ұсынды. Алина Юлдабаева және Михаил Коваль бастаған «Ерікті көмекшілер ұйымы» Қазақстандағы ерікті көмекті дамыту жолдарымен таныстырды. «БАУЫРЖАН» Жеке Қайырымдылық қорының Президенті Жұлдыз Айтбаева.

Қайырымдылық қорлары қауымдастығының даму жолдары жайындағы ойларымен бөлісті. Бұл мәселе сахна сыртында да кеңінен талқыға салынды. Қауымдастық,заңдырәсімдеуге тіркелуі жоспарлануда. Өйткені, бүгінгі күнге дейін Қауымдастыққа мүше болу ерікті және еркін түрдежүзеге асатын. Бүгінгі таңда, аталмыш мәселелердің оңтайлы шешімін табуы үшін заңдытұлға болуы шарт. Бұл құрылымның атауы «Қазақстан Республикасының қайырымдылық қорлары қауымдастығы» болып жарияланды.Осы орайда жұмыстар басталып та кетті.