26-05-2008 АУЫР ЖАҒДАЙ –БІР АПТА БОЙЫНА ҚЫЗ БАЛА ҮШІН АППАРАТ ТЫНЫС АЛДЫ Биылғы жылдың мамыр айының бас кезінде 1-ші балалар инфекциялық ауруханасына ауыр хәлдегі 5-жасар қыз келіп түсті. Ауру қыз бірден реанимация бөлімшесіне орналастырылды. Токсикалық энцефалиттің кесірінен дененің тырысуы басталып, ол эпистатусқа ауысты. Бұл эпилептикалық типтегі ұстамалар қатарынан, бірінен соң бірі жүретін жағдай. Кішкентай пациенттің өміріне үлкен қауіп төнді. Кешенді қарқынды дәрілік терапиямен қатар, дәрігерлер қызды жасанды өкпені желдету аппаратына қосуға мәжбүр болды, бұл аппаратты жақында ғана біздің қор орнатқан болатын. Қыздың орнына «машина» тыныс алған 7 күннен кейін пациенттің халі жақсара бастады. Ол енді өз бетінше тыныс алатын жағдайға жетті. Көп ұзамай қызды кәдімгі бөлімшеге ауыстырды. Кейіннен дәрігерлер «SAVINA» аппаратынсыз қыздың аман қалуға деген мүмкіндігі болмас еді деп жатты. Бұл біздің қорымызға жаңа заманауи жабдықты сатып алуға ақша жинауға көмектесткен барлық адамдардың жасаған көмегінің жарқын үлгісі. Бұл «біздің» аппараттар құтқарып қалған бірінші пациент емес, бірақ бұл әзірше осындай жағдайлардың арасындағы ең ауыры болды. |