11-06-2008 ДӘРІГЕРЛЕР МЕН АТА-АНАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ. Біздің қор ҚазҰМУ доценті З.М. Оспановамен бірлесе отырып, ерекше форматтағы 2 DVD көмекші оқу құралын дайындады. «Оқулықты» дискті ойнатушы құралға емханада да, емделушілердің үйінде де қойып қарауға болады. Қысқа фильмдер ауру балалардың денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретін жағдайларда оларға қалайша көмектесу керектігін қарапайым түрде көрсетеді. Оспанова Зәуре Мұратқызы осы фильмдермен жаздың басында Вена қаласында өткен халықаралық медициналық конференцияда баяндама жасады. Басқа елдерден келген әріптестері емхана дәрігерлерінің біліктілігін және ауырып қалған балалардың ата-аналарының баланы күту үшін қажетті білім деңгейін арттыруының осы әдісін өте жоғары бағалады. Қазақстандықтарға білім бере отырып, біздің қорымыз осындай көмекке зәру адамдардың барынша көп санына көмектесу үшін бар күшін салуда. Ысқырықты (демігіп) тыныс алатын 5 жасқа дейінгі балаларға аэрозольді бронходилятаторды қолдану. Көрсетілімді көшіру |