14-09-2008 «ДАН УЛДУЗУ» КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ. 7-12 қыркүйекте Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында бесінші «Дан улдузу» Халықаралық балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілерінің көркем шығармашылық байқауы өтті. Біздің қор осы байқауға қатысушылар мен оларды ертіп апарушылардың ұшақпен жету жолақысын төледі. №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілері Арман Қасымов пен Юля Анищук осы сайыстың дипломанттары болды. Әзірбайжандағы ҚР Елшілігі байқау жүлделеріне музыкалық орталықты қосып берді. Арман мен Юля байқауда жаңа достармен танысып, енді осы секілді шығармашылық мекересіне тағы бару мүмкіндігіне ие болу үшін орындау шеберлігін жетілдіруге тырысатын болады.
|