БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


БІЗ ТУРАЛЫ

Қордың жұмысын ұйымдастыратын адамдар кімдер?

Шипажайдағы Наурыз мерекесін тойлау кезінде біз қор қызметкерлерімен сұхбат жүргіздік, олар бізге өздері туралы және «АЯЛА» қорының өміріндегі өз рөлі жайлы шамалы әңгімелеп берді.

Айдан Төлеутайқызы Сүлейменова
Сіздің біліміңіз?

- Жоғары, Пирогов атындағы 2- ші Мәскеу Мемлекеттік Медициналық университеті. Дәрігер-терапевт.
Қорда немен айналысасыз?

- Қордың Президентімін
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?
- Бұл менің өмірлік мақсатым. Адамдарға жақсылық жасау – дәрігердің тікелей міндеті. Қор сүйікті, бірақ «бейнеті көп» бала секілді.
Қандай арманыңыз бар?

- Балалардың барлығының дені сау болып, олардың медициналық көмекті қажет етпеуі жайлы армандаймын. Медициналық көмек қажет болған жағдайдың өзінде, ол үздік деңгейде болуы тиіс. Ал біздің Қор бұл үшін бар күшін салады.

Динара Муратова
Біліміңіз?
- Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірдім, мамандығым – жапонтанушы-халықаралық маман.
Қорда немен айналысасыз?

- Қорда мен жобалар бойынша үйлестіруші болып жұмыс істеймін. Менің міндеттеріме, қалған басқа міндеттермен қатар, балаларға арналған шараларды ұйымдастыру кіреді. Бұл менің жұмысымның ең ұнайтын жері. Мен балалардың қуанышты жүздерінен күш-қуат аламын.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

Қор мен үшін біраздан бері өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды. Мен үшін бұл жұмыс та, өмір сүру салты да.
Қандай арманыңыз бар?

- Мен елімізде ересектерді, әсіресе балаларды сапалы және кәсіби емдеу үшін барлық жағдай жасалғанын армандаймын.

Берік Даржанов
Біліміңіз?
- Жоғары медициналық білім, дәрігер анестезиолог – реаниматолог.
Қорда немен айналысасыз?

- Қорда медициналық жабдық жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеймін.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

- Ауруханаларда жұмыс істей отырып, реанимация бөлімшелерінің әлсіз жабдықталуына көзім жетті. Қордың ауруханаларға, атап айтқанда реанимация бөлімшелеріне көрсеткен шынайы көмегін өз көзіммен көрдім.
Қандай арманыңыз бар?

- Балалар азырақ ауырса.

Жангелді (Жан) Сәрсенов
Біліміңіз?

- Негізгі білімім - дәрігер. АММИ-ді «емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірдім. Екінші жоғары білімім –Халықаралық кәсіптер институты – «бұқарамен байланыс».
Қорда немен айналысасыз?

- Вице-президентпін, бұқарамен байланыс.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

- Қордағы жұмыс шамалы жанама түрде болса да негізгі өмірлік міндет – ауру адамдарға көмек көрсету мүмкіндігін береді.
Қандай арманыңыз бар?

Бұл ой утопиялық болғанымен де, барлығының денінің саулығын тілеймін. Еліміздің ауқатты азаматтары қайырымдылық қажеттілігін сезініп, мұқтаж адамдарға көмек көрсету барлығы үшін үйреншікті нормаға айналуын армандаймын.

Ксения Манджгаладзе
Сіздің біліміңіз?

- Жоғары. Санкт Петербург Гуманитарлық Кәсіподақ Университетінің түлегімін. Мамандығым қоғамдық-мәдени қызметтерінің менеджері.
Қорда немен айналысасыз?

-Қоғамдық жобалар бойынша жетекші болып жұмыс істеймін.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

- Көптен күткен арманым орындалғандай әсердемін. Бұл жерде мен тек университет қабырғасында алған білімімді іс жүзінде атқарып қана қоймаймын. Қорымыз керекті жұмыстардың барлығын дерлік үлкен ықыласпен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қандай арманыңыз бар?

Балғындарымызға барынша күтім, мейірім мен көңіл бөлінсе екен деймін. Барлығына өмірде тең мүмкіншілік берілгенін тілеймін.

Қуаныш Чумбалов
Сіздің біліміңіз?

- Жоғары. ҚМЭБИ. Мамандығым-халықаралық қатынастар және маркетинг бакалавры.
Қорда немен айналысасыз?

-Мемлекеттік жобалар бойынша жетекші болып жұмыс істеймін. Менің мақсатым- Қазақстан Республикасында қайырымдылық мәдениетінің кеңінен дамуына үлес қосу болып табылады.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

-Көмекке және көңілге зәру болған көп балаға қол ұшын беріп, жәрдем беру. Осы арқылы жүздеріндерінің күлімсірегенін көру.
Қандай арманыңыз бар?

-Сәбилеріміз ауруханаларға түскеннен кейін, дені сауығып шықса екен деймін. Балалар үйінен тәрбиеленіп шыққан балғындарымыз, қоғамға пайдасыз болғаннан гөрі, үздік жұмыс істеу арқылы баспанаға қол жеткізіп, қоғамға өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Артем Радайкин
Сіздің біліміңіз?

- Орта арнайы, Қ. И. Сатпаев атындағы Қаз ҰТУ колледжі, мамандығым мұнай және газ ұңғымаларынын бұрғылау
Қорда немен айналысасыз?

Мен республикалық жобалардың кураторы болып табыламын.
Қордың Сіз үшін маңызы қандай?

Мен үшін Қор, бәрінен бұрын, балаларға көмек көрсету, және мен, олардың дамулары үшін, қуаныштары үшін, мақсаттары мен табыстарына жетулері үшін барлығын жоғары деңгейде жасай алатыныма өте қуаныштымын.
Қандай арманыңыз бар?

Барлық балалық ауруханалар босаса, барлық балалар сау болса, ешқашан ауырмаса, және қуаныштан жүздері арылмаса. Және адамзаттың көбі балаларға көмек көрсетуге молырақ назар аударса.

Ксения Филимонова
Сіздің біліміңіз?
- Жоғарғы. Менеджмент бакалавры, МBA in Oil and Gas, «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ.
Қорда немен айналысасыңыз?
- Астана қ. жобаларына жетекшілік етемін
Қор Сіз үшін не?
- Мен үшін қор – ол балаларға қуаныш сыйлау, көмектесу мүмкіндігі. Маған мейірімділік жасау, балалардың жанып тұрған көздерін көру ұнайды. Қордың арқасында сондай жұда балаларға жетіспейтін аз да болса сол бір сыйқыршы бола аламын.
Сіздің арманыңыз қандай?
- Бақытты балалар шамасынша көбірек болса. Ауруханалар мен балалық үйлер бос болса. Және қажеттенетін адамдарға шамасынша көбірек көмектесу қуаныш болса. Және осының бәрі қамтамасызданған адам үшін салт болса.

 

Copyright 2009 © Барлық құқықтар қорғалған «АЯЛА» Жеке Қайырымдылық Қоры

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚАМҚОРШЫ КЕҢЕС