Жоғары дәрежелі дәрігер-инфекционист ОСПАНОВА ЗӘУРЕ МҰРАТҚЫЗЫ кеңес береді.
Медицина ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласының №1 Қалалық инфекциялық балалар ауруханасының негізінде Қазақ Ұлттық Медицина университеті балалар инфекциялары кафедрасының доценті. Қарағанды медициналық институтын бітірген, «Фондық аллергиялық сырқаттары бар вирустық гепатиттермен сырқаттанған балалардың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері» тақырыбында диссертация қорғаған. Жұмыс өтілі: 25 жыл.
1 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ ОДАН АСҚАН ДЕНІ САУ БАЛАНЫҢ ТАМАҚТАНУЫ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
«АЯЛА» қоры Асфендияров атындағы ҚазҰМУ инфекциялық аурулар кафедрасымен бірлесе отырып, ағарту жұмысын жалғастыруда. Жаңа роликте өмірдің алғашқы, ең маңызды жылындағы балалардың дұрыс, сау тамақтануының негізгі, фундаменталды принциптері көрсетілген. Жас аналардың нәрестелердің тамақтануы туралы арнайы әдебиетті оқып үлгермейтіндігі бәріне белгілі. Барлық шаруасын бітіріп үлгерсе жақсы, ұйықтау да қажет –кітапқа қол тимейді.
Біздің бейнематериалымыз жас ата-анаға, әжелер мен аталарға сүйікті сәбилердің асқазандарына алғашқы жыл ішінде зиян келтірмей, алдағы бүкіл өмірінің мықты негізін қалауға көмектеседі.
ҚИЫН ТЫНЫС АЛАТЫН БАЛАНЫ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА БАҚЫЛАУ АЛГОРИТМІ
Обструкциялық синдромды (ысқырықпен қатар жүретін қиын тыныс алуды) емдеу кезінде жылдам әсер ететін бронхо-дилататорлар (аэрозоль түріндегі дәрілер): сальбутамол, асталин, венталин және т.б. қолданылады. 5 жасқа дейінгі балаларға олар арнайы қондырманың көмегімен енгізіледі. Бірақ егер арнайы құралдарды дәріханадан сатып алу мүмкіндігі болмаса, шашыратқышты үй жағдайында да дайындауға болады. Бейнематериалды көру.
Ол үшін: көлемі 1 литр пластик шөлмекті алыңыз. Көлемі 250 миллилитрден кем болмайтындай етіп, оның түпкі жағын кесіп алыңыз. Шөлмекті жуып, сүртіңіз, ал өткір жиектерін жабысқақ пластырьмен өңдеңіз.
нақты
Сусыздану – бұл жағдай Сіздің балаңызда аптапты шөлде емес, қалада, су тапшылығы жоқ жерде дамуын елестету қиын. Бірақ бұл әбден мүмкін жағдай. Жас, тәжірибесі жоқ аналар онымен қалай күресетінін білмей, өз сәбилерінен «айырылып» қалатын жағдайлар да болады. Біздің бейнематриалымыз Сіздер үшін: үлескілік педиатрлар мен патронаждық медбикелер үшін және қамқор, бірақ тәжірибесі аз ата-аналарға арналған. Тәжірибесі барлары үшін де оны көру артық болмайды. Бейнематериалды көру.
Біздің қор ҚазҰМУ доценті З.М. Оспановамен бірлесе отырып, ерекше форматтағы 2 DVD көмекші оқу құралын дайындады. «Оқулықты» дискті ойнатушы құралға емханада да, емделушілердің үйінде де қойып қарауға болады. Қысқа фильмдер ауру балалардың денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретін жағдайларда оларға қалайша көмектесу керектігін қарапайым түрде көрсетеді.
Оспанова Зәуре Мұратқызы осы фильмдермен жаздың басында Зальцбург қаласында өткен халықаралық медициналық конференцияда баяндама жасады. Басқа елдерден келген әріптестері емхана дәрігерлерінің біліктілігін және ауырып қалған балалардың ата-аналарының баланы күту үшін қажетті білім деңгейін арттыруының осы әдісін өте жоғары бағалады.
Қазақстандықтарға білім бере отырып, біздің қорымыз осындай көмекке зәру адамдардың барынша көп санына көмектесу үшін бар күшін салуда.
Ысқырықты (демігіп) тыныс алатын 5 жасқа дейінгі балаларға аэрозольді бронходилятаторды қолдану. Көрсетілімді көшіру