БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


«АЯЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ

Қордың тарихы

2014 жылдың наурызында «АЯЛА» қоры өзінің 7-жылдығын атады. Осы жылдар арасында біздің серіктестіктер мен Қазақстанның қарапайым бей-жай емес тұрғындарының арқасында көп жұмыс жасалды. Қор әрекетінің негізгі бағыты балалық ауруханаларға, емханаларға, босану үйлері мен санаторияларға көмек көрсету болып табылады. Қордың алғашқы үлкен жобасы Алматы қаласының балалық қалалық клиникалық инфекционды ауруханасының (БҚКИА) реанимациялық бөлімін жабдықтау болды. Бұл жабдықтар реанимациялар қызметкерлеріне көптеген ауыр халдегі балалардың өмірлерін сақтап қалуға көмектесіп үлгерді. Ал, енді қаншасын құтқарып қалуға көмектеседі?! Бөлімге күрделі жөндеу жүргізілді, қызметкерлер униформа алды. 2014 жылдың сәуірінде «Өмірге дем салайық» жобасының кезекті кезеңі іске асырылды. Алматы қаласындағы БҚКИА-ға пациент мониторы мен инелік мөлшергіштер жіберілді. Және, тағы, Алматылық қалалық №2 балалық ауруханасына көмек көрсетілді. Реанимация бөлімі үшін замануи медициналық аппаратура сатып алынды.

Қордың ең үлкен жобасы «Тыныс ал, балақай» жобасы болды. 2009-2011 жылдарда Алматы қаласындағы барлық босану үйлері мен перинаталды орталықтың балалық реанимация бөлімдері біздің қордан көп санды замануи медициналық жабдықтар алды: дем салу аппараттарын, реанимациялық үстелдерді, инелік және инфузионды мөлшергіштерді, медициналық тараздарды, электрсорғыщтарды, фототерапия аппараттарын және басқаларды. Бұл жобаның Алматы қаласында аяғына жеткеннен кейін, 2011 жылдың басында бізбен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігімен ынтымақтастастық және өзара әрекеттену туралы Меморандумға қол қойылды. Осы кезден бастап «Тыныс ал, балақай» жобасы республикалық статусына жетті. Осы жоба шектеуінде біздің елдің облыстық орталықтарында орналасқан перинаталды орталықтардың балалық реанимация бөлімдерін медициналық жабдықтармен жабдықтау жөнінде көмек көрсетілді. 2011 жылдың қыркүйегінде Өскемен, Семей және Қарағанды қалаларында орналасқан облыстық перинаталды орталықтар қажетті медициналық жабдықтарға ие болып үлгерді. 2012 жылда қор өмірлік қажеті мол медициналық жабдықтарды Атырау, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда қалаларындағы облыстық перинаталды орталықтарының балалық реанимациялық бөлімдеріне жіберді. Денсаулық сақтау Министрлігі Медицина қызметкері Күніне қарсаң қордың жұмысын алғыс хатымен белгіледі, ал, Тәуелсіздіктің 20-жылдығына қарсаң Қордың президенті Айдан Сулейменованы құрметті омырау «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (За вклад в развитие здравоохранения РК) белгісімен марапаттады. 2013-2014 жылдары замануи аппаратураны Шымкент, Петропавловск, Павлодар, Қостанай, Талдықорған, Түркістан, Көкшетау, Ақтау және Орал қалаларындағы облыстық перинаталды орталықтардың балалық реанимациялық бөлімдері де алды. «Тыныс ал, балақай» жобасы табысты аяқталды. Бұл туралы медициналық мекемелердің статистикасы көрсетіп отыр. Денелері экстремалды төмен салмақты құтқарылған перзенттердің пайызы маңызды көтерілуде, ал, бұл 2013 жылы жаңа туылғандардың өлім көрсеткішін 17%-ға төмендеуге мүмкіндік берді. Бұны Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев өзінің баяндамасында белгілеп өтті.

Балалық ауруханалар мен санаториялар – қор жұмысының жалғыз бағыты емес, біз балалар үйлері мен интернаттармен де айналысамыз. Бес жыл қатарымен біздің қор «Дара» қайырымдылық қорымен қосыла біздің қаланың БАРЛЫҚ балалық үйлерінің тәрбиеленушілері үшін «Қуаныш Күнін» өткізіп отырды.

2008 жылдың 20 маусымында болған, ҚР білім және ғылым Министрлігімен өткізілген алғашқы салтанатты «Білім меценаты» рәсімінде біздің қордың президенті Айдан Сулейменова балалық білім мекемелеріне көрсетілген көмегі үшін АЛТЫН медалімен марапатталды. Айданның өзі бұл марапатты «АЯЛА» қайырымдылық қор жұмысының мойындалу белгісі деп санайды.

2010 жыл біздің еліміздің балалық кардиохирургиясын дамытуында өте маңызды болды. Біздің қор қайырымдылық қорлар Ассоциациясы құрамында «Менің де өмір сүргім келеді» жобасына қатысты. Осы жоба шектеуінде Сызганов атындағы ҰҒХО-ның дәрігерлер бригадасы Бергамо қаласындағы кардиохирургиялық клиникасында тәжірибе алды, біздің қор ҰҒХО-ға екі рет операция жасауға қажет медициналық жабдықтарды жіберді. Осының арқасында 2010 жылы кардиохирург, анестезиолог, перфузиолог дәрігерлері 292 балаға операция жасады, оның ішінде, 108-інің салмағы 10 кг. төмен. Ал, бұрынға жағдайда осындай операциялар бірлі-жарым болған.

2010 жылы біз «Біздің барлығымыз - Қазақстандықтармыз» жобасы шектеуінде Алматы қаласынан тыс денсаулық сақтау және білім мекемелеріне көмектесе бастадық. Қостанай облысының Сарыкөл поселкісінің орталық аудандық ауруханасына (ОАА) медициналық жабдықтар сатып алынып орнатылды. Сарыкөл поселкісінің көп жылдан бері бос тұрған, сөйтіп, өте нашар халге келген балабақшасына күрделі жөндеу жүргізілді. Солай-ақ, күрделі жөндеу Сарыкөл поселкісінің балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне де жүргізілді. Алматы облысының 16 ауруханасы мен босану үйлері біздің қордан фототерапия аппараттарын алды.

Ақырғы жылдары «АЯЛА» қоры аз қамтылған жанұя балаларына арналған мектеп-интернаттары мен арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілеріне қатты көңіл аударып жүр. Бұл мектептер территорияларына балалық спорттық-ойын алаңдары салынды, шеберханаларына көп санды қажетті жабдықтар мен шығын материалдар жіберілді, әлеуметтік-тұрмыстық тұспалдау бөлмесі жабдықталды, неше түрлі мерекелер өткізіліп жүр. 2010 жылдан бері «АЯЛА» қоры Дүниежүзілік балалар Күнін мерекелеуді белсеңді насихаттап жүр. Осы күн шектеуінде біз балалар үшін көптеген пайдалы және шаттық көңілді шаралар өткіздік. Ақырғы жылдары біздің қор кішкентай балалық мерекелерді өткізуді белсеңді насихаттап жүр. Біз бұл жобаны «Мейірімді істер жасайық» («Давайте делать добрые дела» « 4 D ») деп атадық. Бұл жоба шектеуінде біз күнтізбелік даталарының ең неше түрлілеріне ұшталған көптеген мерекелер өткізіп жүрміз. Міне, Дүниежүзілік мейірімділікті спонтанды көрсету күні, Халықаралық театр күні, кітапханадағы сабақ, Халықаралық мультфильмдер күні, Дүниежүзілік би күні және т.б. күндер дәстүрге айналды. 2 жыл қатарымен Алматы мен Астанада жаңа жылдық «Аяз Атаға хат» жобасы өткізіліп жүр.

Сіздердің үн косатындарыңызға сенеміз, және, біздің кішкентай ғана қамқорымыздағылар мен олардың ата-аналарының атынан барлық бей-жай емес адамдарға алдын ала алғысымызды айтамыз.

Шын жүректен ...

 

 

Copyright 2009 © Барлық құқықтар қорғалған «АЯЛА» Жеке Қайырымдылық Қоры

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


03-09-2014  «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ
№1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты


26-08-2014  «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ
Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты


05-08-2014  БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ
Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты