БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


ЖАҢАЛЫҚТАР МҰРАҒАТЫ 


04-05-2009
ЗАМАНАУИ БРОНХОСКОП
Біздің қор Алматы қаласының №1 клиникалық балалар ауруханасына жаңа бронхоскопты табыс етті. Бұл құрылғы балалар хирургиясы саласындағы жетекші мекеменің дәрігерлеріне жүздеген өмірді құтқарып, конструктордың шағын бөлшегін, тамақ кесегін немесе басқа да шағын затқа қақалып қалған немесе оны «жұтып» қойған қала мен облыстың мыңдаған сәби пациенттерінің денсаулығын құтқаруға көмектеседі. Мұндай «ұсақ-түйек» тіпті сәбидің өліміне әкеп соғуы мүмкін. подробнее

20-04-2009
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЛАР АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ ЖИНАЛЫСЫ
Palladium Jazz Club-та Қайырымдылық қорлары қауымдастығының кезекті жиналысы болып өтті. Біздің қор осы кездесудің модераторы қызметін атқарды. Жиналыстың басты тақырыбы - Қазақстан Республикасындағы балалар кардиохирургиясының жағдайы. Осы мәселенің ағымдағы жағдайымен жиналысты Алматы қалалық Денсаулық сақтау департаментінің өкілдері, Сызғанов атындағы ҰХҒО және қалалық кардиоорталықтың кардиохирургтері таныстырды. Жиналыста аталған сандар мынадай болды – ҚР-да жыл сайын жүрек ақауларымен дүниеге келетін 3-5 мың баланың шамаман 2%-на ғана операция жасалады. Балалардың 80% бір жасқа дейін шетінеп кетеді. подробнее

08-04-2009
БАСПАСӨЗ – КОНФЕРЕНЦИЯ
Қазақстанның баспасөз клубында «Қайырымдылық қорлары мен ұйымдарының қауымдастығы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс жобасының «баланы асырап алу» тарауына өзгертулер мен толықтырулар енгізуді ұсынады» тақырыбындағы баспасөз конференциясы өтті. Конференцияда мемлекеттің қамқорлығындағы балаларды асырап алуға, оларды қамқорлыққа алу мен отбасында тәрбиеленуге деген мүмкіншіліктерін айтарлықтай арттыратын ҚР Парламентіне ұсыныстары (Неке және Отбасы туралы жаңа Кодекс жөніндегі жұмыс тобына), сондай-ақ Қазақстан үкіметіне басқа да ұсыныстар жасалды. подробнее

03-04-2009
№ 2 БАЛАЛАР ШИПАЖАЙЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Мерекенің ұйымдастырушысы біздің баяғы әріптесіміз және біздің ісшаралардың тұрақты демеушісі «Тюбетейка» мейрамханасы болды. Балалар, қызметкерлер мен мереке қонақтары үшін рестораторлар үлкен дастархан жайып, басты тағам ретінде дәмді палау қойылды. Балалар шипажай қызметкерлерімен бірге қонақтарды ұлттық әдет-ғұрыптар мен билерді орындауымен қуантты. Бізді біздің қолдаушыларымыз енді өз бетінше, біздің тарапымыздан ешбір өтініш жасамастан ақ осындай ісшараларды өткізетіндігі өте қуантады. Демек, біздің қордың басты міндеті – Республикадағы қайырымдылық дәстүрі мен мәдениетін тәрбиелеу міндеті шешіле бастады. подробнее

28-03-2009
ЕКІНШІ БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ
Біздің қор екінші балалар үйіне Наурыз мерекесін тойлауға шақырылды. Біз қонаққа құр қол бара алмадық. «АЯЛА» қоры тәрбиеленушілерге заманауи фотопринтерді сыйға тартты. Енді балалар өздігінше фотосуреттерін басып шығарып, олармен өз альбомдарын толтыратын болады. Бізбен қатар, бұл мерекеге басқа да қолдаушылар: «Сәби» қоры, «Қазатомөнеркәсіп» пен Қалалық соттың өкілдері шақырылған болатын. Бұл ұйымдар да осы балалар үйіне қамқорлық көрсетуде. подробнее

21-03-2009
№2 БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖАҢА ЖИҺАЗ
2009 жылы 21 наурызда № 2 қалалық балалар үйінде үлкен қуаныш болды. Екі жатын бөлмеде және қосымша сабақтарға арналған кабинетте жаңа жиһаз пайда боды. Бұл жиһаз балалар үйі тәрбиеленушілерінің өздерінің өтініштерін ескере отырып, жобаланып жасалған болатын. Бұл «жаңа» қуаныш екі тамаша, мейірімі мол әйелдің – Галина Петровна Емельяновнаның және Алина Сүлейменованың көмегінсіз мүмкін болмас еді. Біздің қор балалардың алғысына қосылады және осы игі жандарға тек жақсылық, игілік пен денсаулық тілейді. подробнее

Предыдущие : : Следующие
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68
БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


03-09-2014  «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ
№1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты


26-08-2014  «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ
Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты


05-08-2014  БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ
Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты