БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ
|
БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ
|
|
|
№1 Балалар үйі
Бұл жерде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 175 бала тәрбиеленуде. Сонымен бірге, Алматы қаласының аумағында орналасқан БАРЛЫҚ балалар үйлері мен облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін «Дара» қорымен бірлесе отырып, біз «Күлкі күні» мерекесін өткіземіз. |
№2 Балалар үйі
Тәрбиеленуде 74 бала бар, олардың 14 - «жұрдай» жетім, 8 - 18 жас аралығында.
Біздің қор осы балалар үйлеріне үнемі көмектесіп отырады.
|
№7 Мектеп-интернат
Зияткерлік даму ауытқулары бар балаларға арналған арнайы (түзету) мектебі. Ақыл-ойы дамымаған, Даун және Уэст синдромдары, микроцефалия, эпилепсия және т.б. сырқаттары бар 174 оқушы бар. Балалар арнайы бағдарлама бойынша оқиды, еңбек тәрбиесіне – тігін, картонаж-қапсырмалау және ұсталық кәсіпке көп көңіл бөлінеді.
|
БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
| 21-03-2009 №2 БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ЖАҢА ЖИҺАЗ 2009 жылы 21 наурызда № 2 қалалық балалар үйінде үлкен қуаныш болды. Екі жатын бөлмеде және қосымша сабақтарға арналған кабинетте жаңа жиһаз пайда боды. Бұл жиһаз балалар үйі тәрбиеленушілерінің өздерінің өтініштерін ескере отырып, жобаланып жасалған болатын.
Бұл «жаңа» қуаныш екі тамаша, мейірімі мол әйелдің – Галина Петровна Емельяновнаның және Алина Сүлейменованың көмегінсіз мүмкін болмас еді.
Біздің қор балалардың алғысына қосылады және осы игі жандарға тек жақсылық, игілік пен денсаулық тілейді. нақты |
| 20-12-2008 ЖАҢА ЖЫЛ ШЫРШАСЫ Алматы циркінде «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары қаланың барлық балалар үйлерінің, 1-ші облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін, №2 және №3 балалар шипажайында денсаулығын оңалтып жатқан балалар, сәбилер үйлері мен нашар еститін және саңырау балаларға арналған интернаттардың тәрбиеленушілері, Ауған соғысы ардагерлерінің және есту қабілеті бойынша мүгедектердің балалары, өсу гормонының тапшылығы бар балалар үшін Жаңа жыл шыршасын өткізді. Барлығы Шыршаға бір жарым мыңнан астам бала қатысты. нақты |
| 10-11-2008 БАЛАЛАР ҮЙІНІҢ ШӘКІРТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЖАЙЛЫ АС ҮЙ «АЯЛА» қорының көмегімен жөндеуден өткен №1 балалар үйінің ас үй бөлмесіне осы көне ғимаратты салған кезде орнатылған ескі жабдық «жараспай тұрды». Біз балалар үйінің «жаңа» ас үйінде келесідей агрегаттарды сатып алып, орнаттық: құны 149 425,00 теңге электрплитасы,
1 ет тартқыш 82 900, 00 теңге
1 көкөніс кескіш 99 600,00 теңге
2 стеллаж 109 200,00 теңге.
Бұл жобаның осы бөлігінің жалпы құны - 441 125,00 теңге нақты |
| 13-10-2008 БАЛАЛАР ҮЙІНДЕГІ ДМИТРИЙ МАЛИКОВТЫҢ КОНЦЕРТІ №1 балалар үйінің шәкірттерінің есінде бұл күн ұзаққа қалатын болар. Оларға қонаққа біздің қордың шақыруы бойынша атақты ресей әншісі Дмитрий Маликов өзінің атақты әкесі –Юриймен бірге келді. Дмитрий тек балалармен әңгімелесіп қана қоймай, олар үшін ән шырқап берді. Өткен жылдардың ескі әндері мен жаңа әндер орындалды. Балалар үйіндегі біздің «қамқорлығымыздағылар» да ресейлік жұлдызға өз концертімен жауап берді. нақты |
| 14-09-2008 «ДАН УЛДУЗУ» КӨРКЕМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ. 7-12 қыркүйекте Әзірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласында бесінші «Дан улдузу» Халықаралық балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілерінің көркем шығармашылық байқауы өтті. Біздің қор осы байқауға қатысушылар мен оларды ертіп апарушылардың ұшақпен жету жолақысын төледі. №1 қалалық балалар үйінің тәрбиеленушілері Арман Қасымов пен Юля Анищук осы сайыстың дипломанттары болды. Әзірбайжандағы ҚР Елшілігі байқау жүлделеріне музыкалық орталықты қосып берді. нақты |
| 01-06-2008 КҮЛКІ КҮНІ! Осы жолы балаларды қорғау күні үш балалар үйінің, 1-ші және 2-ші қалалық және 1-ші облыстық балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің есінде көпке қалады. Бұл күні «АЯЛА» және «ДАРА» қайырымдылық қорлары балалар үшін нағыз мереке ұйымдастырып, өткізген болатын. Балалар осы күнді көптен күткен болатын. Сөйтіп 2008 жылдың 1 маусымында Алматы Халықаралық Мектебі (AIS) стадионының жасыл алаңында тамаша көрініс басталды. нақты |
Предыдущие : : Следующие
|
БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ
online ақша аудару |
|
|
терминалдар |
ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
03-09-2014 «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ №1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты 26-08-2014 «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты 05-08-2014 БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты
|