БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


МЕЙІРІМДІ АДАМДАР

Алтын олимпиялық жүрек

Қазақстанда олимпиялық чемпион да, әлемдік чемпион да болған, бірақ, біреудің Олимпиядалық ойынды да, бокс бойынша әлемдік чемпионатты да жеңіп алғандай ешқашан болған емес, ал Серік Сапиевтен ол шықты. Бүгін «Демеу» жорналының корреспонденті атағы шыққан қазақстандық олимпионикпен сұхбаттасып отыр.

1.  Өзіңіздің боксерлік бет алысыңыз туралы айтып берсеңіз етті.

«Мен бокспен 11 жасымнан бастап шұғылдандым, сөйтіп, міне, 17 жыл айналысып келемін. Менің ағам бар, менен 1 жас үлкен, біз онымен бірге баскетболға да, шахматқа да, шашкаға да барғанбыз. Біз бір кезде боксқа баратынымызды әлдеқалай білетінбіз, себебі, папамыз үнемі: «Ал, балалар, боксқа қашан барасыңдар?»,-деп отыратын. Бір кезде боксқа да барайық деп шештік, бірақ, ешқашанда Олимпияда чемпионы немесе әлем чемпионы боламын деп ойлаған емеспін, жәй жалпы даму үшін ғана боксқа барған болатынбыз. Менің әкемнің туған інісі бокс бойымен халықаралық таптың спорт мастері, әкемнің екінші інісі еркін күрес бойымен ССРО-ның спорт мастері, әкемнің отбасысы спорттық болған. Мүмкін, әкем іштей біздің боксшы болғанымызды қалаған шығар, немесе жай, бокспен шұғылданғанымызды қалады мекен. Алғашқы рет боксқа Абай қаласында бардым, және Александр Стрельников пен Виктор Супрун жаттықтырушылардың қолдарында жаттығып жүрдім. Барлығы ептеп болды, мен жаттығып жүрдім, бірақ, бірдеме жеңемін-ау деп ойлаған жоқпын. 9-шы сыныпта оқып жүргенімде мен Қарағанды қаласының Әлия Молдагулова атындағы спорт мектеп-интернатына ауыстым, сөйтіп, Саин Артаевтің қолында жаттыға бастадым. Интернатта болған үш жылдан кейін мен өзімнің туған жерім Абай қаласына қайтып келдім, онда жаттығуларымды Александр Владимирович Стрельниковте жалғастырдым. 17 жасымда спорт мастері нормативін атқарып, Қазақстан Республикасының юниорлар арасында чемпион болдым. Осыдан бері мен шындап жаттыға бастадым. Менің бокста бірдемеге жете алатыныма көзім жетті, жеңістің дәмін, жеңістің қуанышын сезіп таныдым».

2005 жылдан бастап Серік Сапиев Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы үшін шыға бастады. 2005 жылы ол Қытайда болған әлемдік чемпионатында табысқа жетті, 1 орын алды, ал, Мәскеуде болған командалық әлем Кубогында – 3 орын. 2006 жылы Азия ойындарында – үшінші орын. 2007 жылы әлемнің екі мәрте чемпионы болып Азия чемпионатын жеңіп алды. Бұндай нәтижеге қазақстандық боксерлерінің бірбе-біреуі жеткен емес.

«2008 жылы, өкінішке орай, Олимпиядалық ойындардың четверьтфиналында жеңіліп қалдым да, жүлделі орын ала алмадым, бірақ, 2009 жылы әлем чемпинатында үшінші болдым және Азия чемпионатының жеңімпазы аталдым. 2010 жылы мен Азия ойындарын жеңіп алдым, 2011 жылы әлем чемпионатында екінші орынға ие болдым. 2012 жылы мен Лондондағы болған Олимпияданы жеңіп алып, Олимпиядалық ойындардың ең тәсілді боксшысы ретінде Вэла Баркердің Кубогына ие болдым», - деп жалғастыра түсті біздің олимпиядалық чемпионымыз Серік Сапиев.

2.  Сіз жас кезіңізде төбелескіш болдыңыз ба?

Менің ағам екеуміздің спорт нышандарымыз болған, бірақ, анам, менің үлкен ағам Сергейден көрі мен белсеңділеу болғамын, дейді. Неге екенін білмеймін, маған солай көрінеді. Ал, бірақ, мен төбелескіш болған емеспін.

3.  Сіз кімді өзіңіздің ұстазыңыз етіп санайсыңыз?

Алдымен, олар, әрине, менің ата-аналарым. Бірақ, 17 жасымнан бастап менің ұстазым менің жаттықтырушым Александр Владимирович Стрельников болды, ол мен үшін екінші әкем сияқты. 2005 жылы онымен бірге біз құрамаға түскен кездерде, жылында 9 ай қатарымен бірге болдық. Александр Владимирович мен үшін тек жаттықтырушы ғана емес, менің ұстазым да, менің өмірлік кеңесшім де болып кетті.

4.  Лондонда болған Олимпиядағы жеңістен кейін Сіздің үстіңізге жауған атақты Сіздің жақындарыңыз қалай көтеріп жүр?

Ештеңеде болған жоқ, көндегідей. Менің жеңісім маған жақын адамдардың мойындарына белгілі бір жауапкершіліктікті тақты. Бұрын жай бір жерге барып келуге болатын еді, қазір бір шектеуді ұстау керек болып жүр. Себебі, оларға қарапайым адамдарға қарағандай қарамайды, олимпиядалық чемпионының әкесі мен шешесі ретінде қарайды.

5.  Бұның барлығы біздің жорналдың оқырмандары үшін қызық болар: өзіңіздің жақсы көретін кітабыңызды, жақсы көретін музыка мен фильмді атаңыз шы.

Бір кездерде маған «Гладиатор», «Зеленая миля», «Храброе сердце» мен «Троя» фильмдері ұнайтын . Мен оқиғалы фильмдерді қарағанды жақсы көремін, мелодрамаларды да қарай аламын.

Балашақ кезімде маған Жюль Верннің кітаптары ұнайтын, олар «Пятнадцатилетний капитан», «Таинственный остров». Әлі есімде бар, жастық кезімде осы кітаптарды менің құмарланып оқығаным, маған осы жазушы өте ұнайды. Маған Александр Дюманың мушкетерлер туралы кітаптары ұнайды. Мен көп кітап оқыдым, бірақ, осы кітаптар менің ең сүйіктілерім.

Музыкаға келсек, мен әр түрлісін тыңдай беремін, байсалдысын да, поп-музыканы да. Маған поп-музыканы тыңдаған ұнайды, бірақ ауыр рокты емес, байсалдылау, одан ырғақты. Осындай музыка болса, мен рахаттанып тыңдаймын. Ал шансон мен рэпты ұнатпаймын.

6.  Британ-Қазақстандық қоғамның «АЯЛА» қор «Тыныс ал, балақай» жобасының пайдасына өткізген қайырымдылық жүгірісті қолдауға Сізге не түрткі болды?

Мен әлеуметтік жобаларды үнемі қолдап жүремін, сондықтан, мен осы шараға қатысуга келісімді бердім.

7.  Сіздің балашақ жоспарыңыз туралы айтып берсеңіз, және ол болашақ қайырымдылық іспен байланысты болады ма?

Бәрінен бұрын, мен өз болашағымды спорт саласынан көремін. Қазір мен Қазақстандық бокс федерациясында істеп жүрмін.

Мүмкіндік болса, мен қайырымдылық істерге қатысамын. Бірақ, барлығы қалай болатынын, әзірше, мен білмеймін. Уақыт көрсетер.

Рахмет, Серік, біз Сіздің мансаптарыңызды қадағалап отырамыз. Сіздің табысқа жететініңізге сенеміз, себебі, дарынды адам әр салада өзін тауып бетке шыға алады.

 

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


03-09-2014  «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ
№1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты


26-08-2014  «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ
Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты


05-08-2014  БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ
Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты