БАЛАЛАР ҮЙЛЕРІ МЕН МЕКТЕП-ИНТЕРНАТТАР ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҰЙЫМДАР АССОЦИАЦИЯСЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ «ӨМІРГЕ ДЕМ САЛУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ МЕЙІРІМДІ ІСТЕР
ПЕРЗЕНТХАНАЛАР «ТЫНЫС АЛ, БАЛАҚАЙ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ ШИПАЖАЙЛАР МЕН СӘБИ ҮЙЛЕРІ «АЯЛА» ДОСТАРЫ КЛУБЫ МЕЙІРІМДІ АДАМДАР
ENG    RUS       Алғыстарын білдіруде Біз туралы Қорытындылар Дәрігер кеңесі БАҚ біз жайлы Ерікті көмек Пікірлер Қордың тарихы «Демеу»
   БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕРІМІЗ   


МЕЙІРІМДІ АДАМДАР

ШЕКСІЗ ЖҮРЕК

Міне, үшінші рет болды, Сызганов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына (ҰҒХО) Италиядан кардиохирургия бригадасы келе жатыр. Өз келген уақыттарында италияндық дәрігерлер қазақстандық туа жүрек ақуасы(ТЖА) бар балаларға диагностика жүргізеді де, ем салады. Бұндай келулер тек Италия мен Қазақстанның қайырымдылық ұйымдар ісінің арқасында мүмкін. Италия жағынан бұл жобаны «Aiutare i bambini» қоры қолдайды да, Қазақстан жағынан – «АЯЛА» мен «ДАРА» қайырымдылық қорлар қолдайды. Біз көп жылдан бері Италияда тұрып еңбектеніп жүрген, бірақ өзі туып өскен жерінің проблемаларын біліп ұмытпайтын кардиохирург Виталий Пакпенен сұхбаттастық.

- Виталий, осы жоба туралы ой қашан келді, соны айтып беріңізші?

- Сәлеметсіздер ме?, Ospedali Riuniti di Bergamo италияндық ауруханасында балалар кардиохирургі болып жұмыс істей жүріп, мен басқа елдердің осы сияқты гуманитарлы жобаларына көп жылдарынан бері қатысып келдім. 2006 жылдан бастап біздің италиялық бригадамыз бірнеше рет Ресей, Украина, Қытай, Марокко, Албания, Румынияның ауруханаларына барып қайтты. Осы барлық барып келулерді, міне, көп жылдан бері, қоғамдық бастауымен дәрігерлерге кардиохирургиядағы дайындық деңгейлерін көтеруге, сөйтіп туа жүрек ақуасы бар балаларға сапалы ем беруге көмектесіп жүрген, атақты италиялық балалар кардиохирург профессоры Витторио Ваннини ұйымдастырып жүр. Сондықтан, 2008 жылы, көбірек елдерді қамту мақсатымен, мен, дәргерлердің арасында көптеген достарым бар, Қазақстан мен Өзбекстанға барып келуді ұсындым. Осылай, Алматыға бірінші келуімізді 2009 жылдың ақпан айында іске асыру мүмкін болды.

- 3 рет барып келгеннің арасында қанша балаға операция жасалынды, нәтижелері қандай?

- Иә, 2011 жылдың сәуірінде Сызгановтың Институтына біз 3 – ші рет келдік. Алматыға Үш рет келуіміздің арасында біз 35 – тен астам әр-түрлі туа ақуалары бар және әр-түрлі жастағы балаларға операция жасадық. Операциялардың нәтижелері жақсы. Мысалы, қазақстандық дәргерлермен бірге біз 6 айға толмаған балаларға кейбір күрделі кардиохирургиялық операциялар жасадық, бірақ осындай процедуралар балалар үшін үнемі жоғарғы тәуекелді, кейбір осындай балалар операцияны көтере алмайды да реанимациялық бөлмелерде шетінеп кетеді. Қуанышқа орай, бұндай жағдайлар біздің тәжірибемізде жиі емес.

- Алдыңға екі рет келгендеріңізде Сіздер неше түрлі жүректерінің ақуасы бар балаларға операция жасадыңыздар. Осы келгендеріңіздің алдыңғы келгендеріңізден қандай айырмашылығы бар?

- Әдетте, осындай келген кездерде біз немесе жедел хирургиялық араласу қажеттілігі бар балаларға операция жасайтынбыз, немесе бұл ерекше күрделі клиникалық жағдайлар болатын. Ал осы келуімізде біз анық бір патологиясы, мысалы, көп жағдайларда өмірлерінің 1-ші жасына дейін жасау қажетті жүрек ақуасының бір түрі Тетрада Фалло бар балаларға операция жасауды жоспарладық. Қарауға бізге, бәріненде керек диагноздары бар әр-түрлі жастағы шамасы 10 бала әкелінді. Оның ішінен біз, операция техникасы жағынан және реанимацияда қарау жағынан біздің қазақстандық дәрігерлерге, ойымызша, ыңғайлы болатын операция жасайтын балаларды таңдап ала алдық.

- Сызганов атындағы ҚҒХО- дан басқа қандай клиникалардың дәрігерлері семинарларға қатысты?

- Біздің Сызганов атындағы ҰҒХО – на келгенімізге қызығушылық тек Алматы қаласында емес болды, операция жасайтын жерде және интенсивті терапия палатасында бірігіп істеген жұмысымызға қарап жүрген үнемі көп дәрігерлер болды, Қазақстанның басқа қалаларынан келген дәрігерлермен қатысып әңгімелесу қызық болды. Шымкенттен, Тараздан, әр – бірдесін, Душанбіден де келгендер болды.

- Сіздің бригадаңыздың қандай қиындықтармен кездесуге мәжбүр?

- Ерекше бір қиындық болған жоқ, себебі италиялық бригаданың барлық дәрігерлерінің басқа елдерден алған еңбек тәжірибелері бар. Тіл барьері де болған жоқ, себебі жұмыста бізге италия тілін жақсы білетін волонтер қыздар көмек көрсетті. Жалпы, біздің келуімізді өте жақсы ұйымдастырған қазақстандық қайырымдылық қорлары «АЯЛА» мен «ДАРА-ға» үлкен алғыс айтқымыз келеді. Бізде көлікпен де, тамақтанудан және басқа ешқандай да проблема болған жоқ. Ал нағыз қиыншылықты операцияға балаларды таңдағанда көрдік. Сенсеңіздер, карауды өткізген біздің кардиолог операция жасауға бізге әр үшінші баланы ұсынды, ата – аналарына олардың балалары осы сәтте неге операцияланбайтыны туралы айту өте қиынға түсті.

- Қазақстандық кардиохирургтарының дайындығын және ҰҒХО – ның операция өткізуге және операциядан кейінгі кезде пациенттерге қарау үшін қажет жабдықтармен қамтамасыздануларының деңгейін қалай бағалайсыздар?

- Ақырғы 2 жыл арасында, сол қорлардың арқасында, кардиохирургия бөлімдерінің жабдықтауында көп өзгерістер бар, деп сендіре аламын. Балаларда ультродыбыстық диагностикасын жүргізу үшін ең ақырғы аппараттарды ала алған, кішкентай салмақтары бар балалар үшін реанимациалық кереуеттер пайда болған, хирургиялық саймандар ауысқан, дәрі – дәрмектермен қамтамасыз ету жақсарған. Ал қазақстандық дәргерлердің дайындығына келсек, оларға ең оңды комплименттер айтуға болады, себебі 2009 жылы біздің клиникалардың базасында өткен ҰҒХО – ның дәргерлерінің тәжірибелерінен кейін көп өзгерістер бар, одан басқа тағы кардиохирургия бөлімінің бастығы А. О. Сейдалинамен және туа жүректерінде ақуалары бар балаларды емдеу жөніндегі жауапкерші К. Н. Қуатбековамен қысқа танысу кездесулер ұйымдастырылды. Барлық осындай келулер және қазақстандық дәргерлерінің шетелде тәжірибе алулары, әрине, Алматы қаласы бөлімдерінің жұмысына оңды болары анық, ал біздің хат алысуымыз және тәжірибе алмасуымыз үнемі жалғасуда.

- Сіздердің ҰҒХО – да болуларыңыз, операциялар, италияндық дәргерлердің дәрістері жақсы тиімді болу үшін не істеу қажет?

- Әрине, біздің келулерімізді, олар тиімді болу үшін, және біздің қазақстандық коллегаларымызға өте пайдалы болу үшін, біз ұйымдастыруға және дайындауға мақсаттанамыз. Ол үшін кезекті гуманитарлы келулерге бізге бірге дайндалу керек. Пациенттерді таңдауда, жақсы талдап зерттеуге қызығырақ болатын патологияны таңдауда бізге көп аралық қатынасулар қажет болады. Ал, ең бастысы, бір мақсаттқа – туа жүректерінде ақуасы бар балаларға жоғарғы біліктілік көмек көрсетуге жету үшін, амбициозды, дайындары бар және адал мамандардан бірыңғай команда жинау керек.

- Италия – қазақстандық медициналық ынтымақтастықтың болашаққа жоспары қандай?

- Біздің, Сіздер айтпақшы, италия – қазақстандық балалар кардиохирургия саласындағы ынтымақтастық кейінгі 3 жылға жоспарланған, осы кез арасында біз Сіздердің орталықтарыңызға 5 – 6 рет келуді жоспарлап отырмыз.

Сұхбаттасқандарыңызға рахмет. Медицина қызметкерлерінің мерекесі үстінде барлық дәргерлерге Сіздердің жеңілсіз, бірақ өте маңызды және гуманды жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

Динара Муратова

БІЗГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУГЕ БОЛАДЫ

online ақша аудару
терминалдар

ҚОР ЖАҢАЛЫҚТАРЫ


03-09-2014  «БАЛАЛЫ? Ж?РЕКТЕРІ» ?АЙЫРЫМДЫЛЫ? Ж?РМЕ?КЕ МА?ЫЗДЫ Н?ТИЖЕГЕ ЖЕТКІЗДІ
№1 перинаталды орталы?та «АЯЛА» ?айырымдылы? ?орыны? «?лтты? денсаулы?ы босану ?йінен басталады» жобасы шектеуінде BiliChek аппаратын тапсыру р?сімі ?тті. Б?л аппаратты? ба?асы 1 135 000 те?гені ??рады. Жас ынталы адамдарды? ?айырымдылы? жобалар?а ?атысуы мейірімді д?ст?рге айналып келе жатыр. Естері?ізге сала кетейік, Астанадан ?ш жас ана – Жанар Сарсенова, Г?лн?р Бисаринова ж?не Жанар Бурахан «Балалар Ж?ректері» ?айырымдылы? ж?рме?кесін ?йымдастыр?ан болатын. нақты


26-08-2014  «ШЕВРОН» МЕН «АЯЛА» ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫ? МЕКЕМЕЛЕРІНЕ ЖАБДЫ?ТАР ТАПСЫРДЫ
Б?гін «Шеврон» компаниясы мен «АЯЛА» ?оры бірігіп ?йымдастыр?ан ?алалы? мектептер, емханалар мен ?леуметтік мекемелерге жабды?тар сатып алу ж?не орнату сертификаттарын тапсыру салтанатты р?сімін ?ткізді. Салтанатты р?сімге ?ала ?кімі М??амеджанов Т?летай Т?леубай?лы, жергілікті ?кімет ?кілдері, медицина ?ызметкерлері, о?ытушылар мен Ерейментау ауданыны? ж?ртшылы?ы ?атысты. нақты


05-08-2014  БІЗДІ? KASPI BANK-пен СЕРІКТЕСТЕСУІМІЗДІ? ЖА?А ?ЫРЫ
Kaspi bank ?з ?аламтор б?ліміндегі клиенттеріне бізді? ?орды? ?айырымдылы? жобаларына ?атысу?а м?мкіндік жолын ашты. Б?рын осындай м?мкіндіктерді ?з клиенттері ?шін ?аза?стан Халы? банкі ?сын?ан бол?ан. ?аламтор-банкинг – ?йден немесе ке?седен шы?пай отырып пайдалану ?шін тек коммуналды? ?ызмет т?леуге, несиені ?теуге ж?не де та?ы бас?а т?лемдерді ж?зеге асыру?а ?ана ы??айлы ??рал емес. Ол банктерді? б?лімдерінде т?лем ?теуге ?ара?анда уа?ытты ма?ызды ?немдейді. нақты