Еріктілер

Айнұр Бабаева

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді.

Студенттік жылдары Айнұр № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне би билеуді үйрететін.

Мінуар Айдарова

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді. Студенттік жылдары Мінуар № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қызықты фильмдермен таныстырып, олардың пайда болу тарихы және басты рөлдерді сомдаған актерлер туралы әңгімелеп беретін. Фильмді қарағаннан кейін талқылау орын алатын, онда әрбір бала өзінің алған әсерімен бөлісетін.

Нұржайна Жұмаділлаева

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді.

Студенттік жылдары Нұржайна балаларға домбыра тартуды және халық әндерін айтуды үйрететін. Сенбілік кештерде оларға декламация өнерін оқытты.

Гауһар Аспандиярқызы

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді. Студенттік жылдары Гауһар № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін қызықты фильмдермен таныстырып, олардың пайда болу тарихы және басты рөлдерді сомдаған актерлер туралы әңгімелеп беретін. Фильмді қарағаннан кейін талқылау орын алатын, онда әрбір бала өзінің алған әсерімен бөлісетін.

Ертас Жақыпбай

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді.

Студенттік жылдары әрбір жексенбіде Ертас № 1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне актерлік шеберлікті оқытатын.

Амина Давлидова

ҚМЭБИ бітірді. Студенттік жылдары «АЯЛА» қорына жобаларды ұйымдастыру және іске асыру ісінде көмектесті. Сонымен бірге Ержан Татишев қоры стипендиаттары клубымен бірлесіп волонтерлік жобаларға қатысты.

Айым Әли

Әл-Фараби атндағы ҚазҰУ бітірді. Студенттік жылдары түрлі қайырымдылық жәрмеңкелеріне, біздің қорымыздың акцияларына қатысты, әлеуметтік пікіртерім жүргізді.

Ольга Подберезкина

Үстел теннисінен Қазақстан чемпионы, өзінің қамқорлығындағы балалары - № 1 облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері ішінен Әлем Чемпионын тәрбиелеп шығаруды армандайды. Ал біздің қорымыз Ольганың арманын іске асыру үшін бар күш-жігерін жұмсайды.

Іңкәрім Бек-Әли

Волонтер және Dekeyser&Friends foundation стипендиаты, Ceбу, Филиппин.
Қазіргі кезде Себу аралында әлеуметтік жобамен жұмыс істеуде. Жоба баспанасы жоқ жанұяларды баспанамен қамтамасыз етуге және өзін-өзі асырауға табыс табу дағдыларына үйретуге негізделген, оған аксессуар жасау, жемістерді және ұсақ үй жануарларын өсіру кіреді.

Малика Мырзағалиева

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бітірді. Еуропа тілдерін үйренді.

2010 жылдан бастап волонтер, тұрақты түрде «АЯЛА» қорының қайырымдылық акцияларына қатысады.

Сәуле Мұхамеджанова

Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дың Қаржылық менеджмент бакалавры.

Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің және № 7 мектеп-интернатының ақыл-ойы кем балаларының еңбектері көрмеге қойылған жәрмеңкені өткізуге көмектесті.

Динара Толғамбаева

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бітірді.

«Күлісміреу күні» мерекесін, «Қазақстандағы қайырымдылық» халықаралық конференциясын, Наурыз мейрамына арналған жәрмеңкені ұйымдастыруға қатысты.

Алтынай Ақашаева

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бітірді. Ағылшын және француз тілдерін үйренді.

«Күлісміреу күні» мерекесін, «Қазақстандағы қайырымдылық» халықаралық конференциясын, Наурыз мейрамына арналған жәрмеңкені ұйымдастыруға қатысты.

Анна Чигринец

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бітірді. Ағылшын және француз тілдерін үйренді. Біздің қорымыздың жобаларына қатысады, балаларға ағылшын тілін үйретеді, олардың ең кішісі 3 жаста.

Данияр Бексұлтан

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірді. Ол үшін барлық жаңа, зерттелмеген, қажетті және маңызды жаңалықтардың бәрі қызықты. Өзін қоғамдық-пайдалы жұмыссыз елестете алмайды. Оның өмірінің мәні – саясат және журналистика. Волонтерлікті аса маңызды және жауапты іс деп санайды. Қоғамға, қалаға және елімізге пайдалы болғысы келеді.

Сәтбаева Айжан

ҚазЕжӘҚА бітірді. Көмекке мұқтаж адамдарға әрдайым көмектесуге тырысады. Адамдарға, қорларға волонтер ретінде сүйеу әрі қолдау болуға дайын, сондай-ақ көмегі адамдардың игілігіне жарайтын жомарт адам ретінде белгілі.

Гүлбаршын Оспанова

Ақсай қаласында тұрады. «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг бв» компаниясында жұмыс істейді. Бір қыз тәрбиелеп отыр, ол Орал қаласындағы инженерлік-технологиялық колледждің студенті. Біздің қорымыздың сайтын ағылшын тіліне аударумен айналысты.

Алена Туркина

ҚазЕжӘҚА бітірді. Волонтерлік қозғалыс Алёнаға өзінің пайдалы екендігін сезінуге мүмкіндік береді, ал бұл – өзінің дербестігі мен ересектігінің растауы. Алёна өте белсенді адам және өзінің белсенділігін қажетті іске жұмсағанына өте қуанышты. Бұл оның тек өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де аса пайдалы, себебі ол осы істері арқылы қоғамға шамалы болса да пайда келтіреді.

Дмитрий Шубин

ҚазЕжӘҚА бітірді. Спорттың алуан түрлерімен айналысады. «АЯЛА» қайырымдылық қорына ұзақмерзімді негізде көмектесіп, ынтымақтаса жұмыс істейді. Волонтер дегеніміз – өзіне еш нәрсе талап етпейтін, тыным таппай жұмыс істейтін ең шынайы адам деп есептейді.

Глеб Пономарев

Мультипликатор. Түрлі тақырыптарға әлеуметтік мультфильмдер шығарады. Біздің қорымызбен белсенді түрде ынтымақтаса жұмыс істейді, оның жұмыстарын әрдайым біздің сайтымыздың бас бетінде көруге болады.

Алексей Шуваков

ҚазЕжӘҚА бітірді. Басты мақсаты игі мақсаттарға қол жеткізу болып табылатын волонтерлік іспен айналыса отырып, өзін үлкен бір тетіктің бөлігі ретінде сезінеді. Леша – адамдарға көмектескісі келетін команданың бір бөлігі және оған бұл жұмысы қатты ұнайды.

Анаргүл Ыдырысова

Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясын бітірді.

Балалармен жұмыс істегенді ұнатады. Сондықтан болар, педагогика мамандығын таңдады – оның бірінші мамандығы ағылшын тілінің мұғалімі. Анаргүлге қоғамға пайдалы бола алатын жұмыс қызықты. Сондықтан да ол негізінен әлеуметтік роликтерді түсіреді.

Евгения Колосова

Қазақстан-Неміс университетін бітірді. Адамдарға асқақ армандарын жүзеге асыруына көмектесуге және бұл әлемді жарқынырақ етуге ұмтылатындықтан волонтерлік  қызметпен айналысады.