Coding Lab

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша 2019 жылы
IT саласындағы бос лауазымдардың жалпы базадағы үлесі екінші орынды иеленетін болады.
Экономика мен нарықты цифрландыруға байланысты мамандардың қажеттілігі артуда,
алайда олардың саны сапасына сай бола бермейді.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің болжамы бойынша

 

Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатының аса маңызды қағидаларының бірі аймақтарға жергілікті проблемаларды шешуде үнемі қолдау көрсетіп отыру. Сол себептен компания Қазақстанда  IT-мамандарын оқыту қызметіне өз үлесін қосуда.Samsung компаниясының осындай әлеуметтік жауапкершілік мысалдарының біріне Coding Lab бағдарлама жазу курстары тәрізді білім беру жобасы айналды.

Coding Lab – бұл Samsung компаниясының жоғары сынып оқушылары мен колледж студенттеріне заманауи тілде бағдарлама жазу саласында қосымша білім беру бойынша ұзақмерзімді жобасы. Қазіргі сәтте жоба «АЯЛА» қайырымдылық қорымен бірлескен түрде жүзеге асырылуда.

 

Жоба шеңберінде келесі бағыттар бойынша оқыту жүргізіледі:

- бағдарлама жазу негіздері

- Java тіліндегі алгоритмдер мен деректер құрылымы

- Android-те қосымшаларға бағдарлама жазу негіздері

- компьютерлік графика және дизайн негіздері

- объектілі-бағытталған бағдарлама жазу

- ұялы қосымшалардың серверлік бөлігін әзірлеу негіздері.

 

Оқыту тегін: кез келген алматылық мектеп оқушысы немесе колледж студенті курстарға оқуға түсіп көре алады.

Ол үшін  www.coding-lab.kz сайтында сынақтан өту керек болады.

Оқушылар сабақтардан қалмай, сабаққа жауапкершілікпен қарап, үй жұмысын уақытында орындап отыруы тиіс. Оқытушылар оқу жылының соңында өзіндік жоба әзірлей алатын, машықтанған түлектерді оқытып шығармақ. Балалар оқудың соңында емтихан тапсырады, емтиханның шарты Android-ке негізделген Samsung ұялы телефондары мен планшеттеріне арнап арнайы қосымша жасап шығару.

 

Оқыту курстарына мектеп және колледждердің 14 және 17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.

Оқыту кезеңі 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың сәуір айына дейін жалғасады.

Күндізгі бөлімдегі оқу аптасына 2 рет 2 академиялық сағаттан өтеді.

Оқыту әл-Фараби атындағы ҚазМУ «Samsung инновациялық академиясында» өтеді.

 

Бағдарлама жазу негіздерін үйренген оқушылар пайдалы білім алып, оны іс-жүзінде қолдана алады, сондай-ақ олардың өз күшімен ұялы қосымшаны әзірлеп шығаруға және халықаралық  IT-байқауларға қатысуға мүмкіндігі болады.

Толық ақпарат алу сайты: https://coding-lab.kz/

 

 

«CodingLab» жобасының жаңалықтары