Керемет және ең бастысы қажетті сайт! Біздің заманымызда осыншама мейірімді адамдардың барына қуаныштымын... Сіздерге үлкен бір өтінішім бар, Казкоммерцбанк картасының ұстаушылары және Kcell байланысының абоненттері үшін төлемдер нұсқаларын көздеу қажет. Сіздерге көп-көп рақмет! Сіздерге мықты денсаулық және бақыт тілеймін!
«Аяла» қорына үлкен алғыс білдіргім келеді. Сіздердің жұмыстарыңыз үшін көп рақмет. Алматы қ. перинаталдық орталығының балалар жан сақтау бөлімшесі үшін өмірлік қажетті жабдықты сатып алғандарыңыз үшін көп-көп рақмет. Менің ұлым аппараттың астында 3 апта жатты. Қазір біздің денсаулығымыз жақсы! Дәрігерлерге, медбикелерге және Сіздердің қорларыңызға мың алғыс айтамын!
Мен Сіздердің қорларыңызға волонтер ретінде көмек көрсеткім келеді. Өзім қалалық перинаталдық орталыққа (№3 перзентхана) түспесем және жақсы жабдықталған ауруханалардың қаншалықты маңызды екендігін өз көзіммен көрмесем, Сіздердің қорларыңыздың бар екендігін де білмес едім.
Қымбатты «АЯЛА» қоры,
Қордың бүкіл ұжымына игі істеріңіз үшін мың алғыс айтамын! Өзінің ақшасын және уақытын жұмсаған, балалармен бөліскен баршаңызға үлкен рақмет!Мен Алматыда № 3 перинаталдық орталықта күні-айы жетпеген баламмен жаттым, қайырымды адамдардың арқасында сатып алынған аппараттар шын мәнінде біздің кішкентай балаларымыздың өмірлерін құтқаруда. Менің ойымша, баласы фото немесе СPAP аппараттың астында жатқан әрбір Ана Сіздердің қорларыңызға шын жүректен алғыс білдіруде. Бұл аппаратсыз көптеген балалардың өмірін құтқару мүмкін де болмас еді. Сіздердің үлестеріңізге және осындай өмірлік маңызды аппараттарды сатып алуға өз қаражатын берге әрбір адамның үлесіне тағы да мың алғыс айтамын.
Сәлеметсіздер ме, еліміздің мейірімді перизаттары! Сіздерге алғысым шексіз, қарапайым азаматтарға игі істерге сеніп, қайырымдылық жасауға көрсеткен үлгілеріңіз мақтауға тұрарлық! Барлық бастаған істеріңізге сәттілік тілеймін!
Керемет және ең бастысы қажетті сайт! Біздің заманымызда осыншама мейірімді адамдардың барына қуаныштымын...
Сіздерге көп-көп рақмет! Сіздерге мықты денсаулық және бақыт тілеймін!
Мен Аспандияров атындағы Медициналық университеттің студентімін, 4-курсты аяқтадым. Сіздер жүргізіп отырған жұмыс үшін алғысым шексіз! Мен Сіздерге волонтер ретінде көмектескім келеді! Мені өз командаларыңызға қоссаңыздар бақытты болар едім! Көп-көп рақмет!
Мен сал ауруы диагнозы бар бір жарым жасар қыздың анасымын. Босанғаннан кейін пайда болған сары аурудың салдарынан болған гиперкинетикалық түрі (гипербилирубинемия). Кішкентай сәбилердің бүкіл аналарының атынан «Ұлт денсаулығы перзентханадан басталады» жобасы үшін алғыс білдіремін. Сонымен бірге дәрігерлер Томск кардиологиялық орталығында маманданудан өтетін «Мен де өмір сүргім келеді» жобасы үшін де алғыс білдіргім келіп отыр. Сондай-ақ сал ауруымен ауыратын балалардың барлық ата-анасының атынан біздің дәрігерлеріміздің Мәскеу қаласындағы «Кортекс» сияқты орталықтардан маманданудан өтуіне жәрдемдесуді сұраймын, ол орталықта гематоэнцефалиялық кедергісіз емдік дәрілерді егудің ерекше тәсіліне негізделген дәрілік терапияның авторлық әдісі пайдаланылады. Аурудың өршуін баяулатуға және ауру балалардың өмір сапасын жақсартуға тиіс бірқатар тиімді емдік препараттардың барына қарамастан ол жақсару, өкінішке орай, орын алмай отыр. Оның себебі гематоэнцефалиялық кедергі болып табылады, ол кедергі миға дәрінің әсерін реттейді және жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде әлсіз болады, сондықтан емдеудің тиімділігі төмендейді, ал онсыз да ауру балалардың бауыры тиімсіз әдістердің және дәрілердің үлкен дозаларының әсерінен зардап шегеді. Ерекше егу технологиясының нәтижесінде ми қан тамырына дәрінің 98%-ы жетеді және жүйке жасушалары арқылы жұмсалатын оның депосы пайда болады /Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра./. Сіздердің игі істеріңіз үшін мың алғыс!
Қайырлы күн! Сіздердің сайттарыңызбен танысқаныма және балаларға көрсетіп жатқан көмектеріңіз туралы білгеніме өте қуаныштымын! Ізгі ниетіммен, отбасыларыңа аманшылық тілеймін!