Қазақстанда алғашқы «Қайырымдылық жасаушы мектебі» ашылды
«АЯЛА» қайырымдылық қоры өзінің 10 жылдығы құрметіне оқыту бейнероликтерінің сериясын іске қосты, онда елімізде қайырымдылықпен қалай айналысуға болатыны туралы жан-жақты айтылады. Роликтерге белгілі актерлер, журналистер, дизайнерлер, блогерлер, теле- және радиожүргізушілер қатысты. Біздің жобамызға Ерден Телемісов, Ольга Спирина, Майя Веронская, Бауыржан Сатов, Диана Снегина, Оксана Лоскутова, Бексұлтан Қазыбек, Майя Ақышева, Александр Шумский, Жанна Рахымжанова, Мөлдір Айдаш, Әсем Нұрсейітова, Жұлдыз Әбділда, Азиза Айбадуллина қолдау көрсетті.
Шағын бейнероликтерде олар қайырымдылықты неден бастаудың қажеттілігі туралы, көмектің қандай «құралдары» бар екендігін, өз ұсыныстарыңмен қайда өтініш жасауға болатыны туралы, қандай еріктілер жобаларының бар екендігі туралы және тағы да басқа көптеген мәселелер туралы айтып берді!
Көңілді тамашалаңыздар!