БАЛАЛАР СУРЕТІНІҢ КОНКУРСЫ
«АЯЛА» қайырымдылық қоры мен «Медикер»медициналық компаниясыАстана қ. мемлекеттік балалар мекемелерінің тәрбиеленушілері арасында балалар суретіне арналған «Салауатты болашақ!» конкурсынжариялайды. Конкурс Халықаралық бабаларды қорғау күніне және «Экспо-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесіне орай өтеді.
Балалар суретіне арналған «Салауатты болашақ!» конкурсының демеушісі – Philips компаниясы.
Ұйымдастырушылардың мақсаты – балаларды салауатты өмір салты дағдысына баулу. «Экспо-2017: Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі қарсаңында денсаулық тақырыбының таңдалуы кездейсоқ емес. Неге десеңіз, дені сау балалар – ұлт болашағы.
Конкурс 7 мен 10 жасқа дейінгі балалар арасында жүреді. Денсаулық тақырыбына салынған суреттер 16 және 31 мамыр аралығында қабылданады. Қорытынды 10 маусымда – «Медикер» медициналық компаниясының «Экспо-2017» павильонындағы көрме аймағының ашылу салтанатында жарияланады.
Балалар суретін бағалайтын әділ қазылар – «АЯЛА» қайырымдылық қоры, «Медикер» медициналық компаниясы және Philips компаниясының өкілдері.
Балалар суреті конкурсының демеушісі – Philips компаниясы жеңімпаздарға I, II және III орындарға марапат тағайындайды. Номинациялар 6 категория бойынша марапатталады.
Конкурс жайлы ақпаратпен «АЯЛА» қайырымдылық қоры, «Медикер» медициналық компаниясы мен Philips компаниясының сайттарында танысуға болады.
www.ayala.kz, www.medikerexpo.kz, www.mediker.kz, www.philips.kz
Байланыс телефоны: +7 7017585042
Эл.адрес:Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.