Журналистерге арналған «Игіліктің баспасөз қызметі» атты конкурстың қорытындылары
2017 жылғы 31 наурызда «АЯЛА» қайырымдылық қоры, «Эйр Астана» әуекомпаниясы және «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі БАҚ-қа арналған «Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурстың қорытындыларын шығарды. Барлығы конкурсқа 71 өтінім келіп түсті. Журналистер еліміздің 18 қаласы мен елді мекенінен өз жұмыстарын жіберді. Белсенді қатысушылар арасында – Орал, Павлодар, Екібастұз, Алматы Астана және т.б. тілшілері бар. Олардың ішінде 20 – телевидение қызметкерлері, 51 – баспасөз БАҚ және ақпараттық агенттіктердің журналистері. Барлық жұмыстарды қазылар алқасы жоғары бағалады, оның құрамына «Интерфакс-Қазақстан» атты беделді ақпараттық агенттіктің өкілі Светлана Романова, «АЯЛА» қайырымдылық қорының жұртшылықпен байланыс жөніндегі вице-президенті Жангелді Сәрсенов және «Эйр Астана» әуекомпаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері Тілек Әбдірахимов кірді.
Конкурс 2016 жылғы мамырда жарияланды. Жыл бойы БАҚ қызметкерлері игі істері сипатталған материалдарды қазылар алқасына белсенді түрде жіберді. «АЯЛА» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурстың сыйлығы төмендегідей бөлінді – құрметті үшінші орынға және Тбилиси қаласына екі адамға арналған шығармашылық іссапарға билетке Татьяна Аладьина, «Экспресс К» газетінің журналисі ие болды.
Қазылар алқасының пікірінше, екінші орынға және Санкт-Петербург қаласына сапарға Орал қаласынан Аиша Киреева ТВ бағдарламалар циклы үшін лайық деп танылды.
Бірінші орынға және Гонконгқа билетке Екібастұз қаласының журналисі Дарья Жұмаділова ие болды.
Ал бас жүлденің – «Игіліктің баспасөз қызметі» атты конкурстың гран-при жүлдесінің иегері Астана қаласының журналисі Ренат Ташкинбаев болды.
«Игіліктің баспасөз қызметі» атты республикалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қазақстанның көптеген аймақтарынан келген журналистер қатысты. Олардың әуебилеттерін және тұру шығыстарын тұрақты әріптес – «Эйр Астана» ұлттық әуекомпаниясы қамтамасыз етті. ADD Capital компаниясы қонақүйлерде тұру шығыстарын өзі көтерді.
Салтанатты іс-шараның барлық қатысушылары «АЯЛА» қайырымдылық қорынан және әріптестерден ескерткіш сыйлықтар алды.