Жобалардың картасы

«АЯЛА» қайырымдылық қоры Сіздерге бірқатар жобаларға қатысуды ұсынады. Біздің қорымыз 2007 жылғы наурызда құрылды. 10 жыл жұмыс ішінде Қазақстанның 58 қалаларындағы 216 мекемеге – перзентханаларға, перинаталдық орталықтарға, балалар ауруханаларына, емханалар мен шипажайларға, сондай-ақ бөбектер үйлеріне, балалар үйлеріне, түзету мектеп-интернаттарына және балабақшаларға көмек көрсетілді.

Қайырымдылық жобаларын іске асыруға 2,8 млрд. теңге жұмсалды. Қазіргі уақытта Алматыда, Астанада және Атырауда автомай құю станцияларында, мейрамханаларда, бутиктерде, «Эйр Астана» компаниясының әуебилеттерін сату офистерінде біздің қорымыздың жобаларына қаражат жинау үшін 67 бокс орнатылды. Қаражат жинау сондай-ақ интернет-банкинг, терминалдар және смс хабарлар арқылы жүзеге асырылады.

«Тыныс ал, балақай», «Өмір сыйлайық», «Дәрігер-бөлме», «Ерекше балаларға – ерекше назар» - бұл біздің ауқымды жобаларымыздың бір бөлігі ғана. Оның нәтижесі: мыңдаған құтқарылған адам өмірі. Бұдан басқа, балабақшаларда және мектеп-интернаттарда жаңа білім беру жабдығы пайда болды, мүмкіндігі шектеулі балалардың тұрмыс-тіршілігі едәуір жақсарды.

Қор Дүниежүзілік бала күні, Мейірімді спонтанды таныту күні, Дүниежүзілік мультфильм күні және басқа да атаулы күндер сияқты балалар мерекелерін өткізеді, олар Жаңа жыл және Халықаралық балаларды қорғау күні сияқты қайырымдылықтың дәстүрлі себептері болып есептелмейді.

«АЯЛА» қорының өз жұмысы үшін комиссия алмайтынын атап өткен жөн. Демеушілерден түсетін 100% қаражат жобаларды іске асыруға жұмсалады. Біздің қорымыздың жұмыс істеу алгоритмі мынадай: бастапқы кезеңде біз проблеманы анықтаймыз, одан соң ақпарат жинақталып, мекеменің қажеттіліктерін зерделеу жүргізіледі. Содан кейін Министрліктермен және жергілікті Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және әлеуметтік даму басқармаларымен келісу жүргізіледі. Осыдан соң біз жобаны ресімдеп, бюджетін жасаймыз. Келесі кезеңде демеушілер мен жеткізушілерді іздестіру жүзеге асырылады. Бұдан әрі – жобаны іске асыру, тапсыру рәсімі, қаржылық есепті ұсыну және БАҚ-та жария ету.

Қазіргі уақытта «АЯЛА» қайырымдылық қоры өз жобаларын жүзеге асыру үшін қаражат жинақтауды жалғастыруда. Егер Сіздер оларды іске асыруға көмектескіңіз келсе, бізбен хабарласыңыздар. Біз кез келген көмекті қуана қабылдаймыз!

 

Тел.: +7 (727) 356 17 38, 327 60 43

Сот: +7 702 808 33 23

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.