9962 қысқа нөміріне SMS-сыйға тарту

 

«АЯЛА» қоры дәрігерлерге балалар өмірін құтқаруға көмектесетін, SMS-сыйға тартуды жинау үшін 9962 қысқа нөмірінің іске қосылғаны туралы мәлімдеді.  Қызмет Beeline, Kcell, Activ, Tele2 ұялы байланыс абоненттері үшін қолжетімді. Әрбір ниет білдірген адам кез келген символ немесе мәтінді қысқа нөмірге SMS жібере алады. Beeline және Tele2 абоненттері үшін хабарлама құны  300 теңге, Kcell және Activ абоненттері үшін 200 теңге болады. Барлық қаражат Қазақстанның балалар ауруханаларының жан сақтау бөлімшелеріне көмектесуге, өмір сүруге қажетті жабдық – ӨЖЖ және СИПАП аппараттарын, шприц және инфузиялық дозаторларын, жан сақтау үстелдерін және т.б. сатып алуға жұмсалатын болады.

Қысқа нөмірді іске қосу «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Өмір сыйлайық» атты жобасының шеңберінде жүзеге асырылды. Жоба 2007 жылы басталды, ол кезде «АЯЛА» қоры Алматы қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының (ҚБКЖА) жан сақтау бөлімшесіне медициналық жабдықты тапсыру арқылы көмек көрсетті. Бұл бөлімшеге ӨЖЖ аппараттары, жартылай автоматты зертхана, фототерапия аппараты, нәрестелерге арналған кювез және басқа да медициналық жабдық жеткізілді. «АЯЛА» қоры Алматы қаласының ҚБКЖА-ға берген жабдығының көмегімен медицина қызметкерлері балалар өлімін 4 есе төмендетуге мүмкіндік алды. 2011 жылы «Өмір сыйлайық» атты басталған жобаның шегін оңтүстік астанадан тыс кеңейту туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта қор балалар ауруханаларынан және перзентханалардың жан сақтау бөлімшелерінен көмек көрсету туралы көптеген хаттар алуда.

SMS-сыйға тарту кішкентай науқас балаларға өмір сүру мүмкіндігін сыйлайды.