19-09-2011 «Деміңді алшы, балақай» жобасы куаттанып келе жатыр

Бүгін Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларының облыстық перинаталды орталықтарында...

Бүгін Өскемен, Семей, Қарағанды қалаларының облыстық перинаталды орталықтарында бір қуанышты жағдай болды. Осы перинаталды орталықтардың балалар реанимацияларының  бөлімдеріне медициналық жабдықтардың рәсімді ұсынуы бірінші болып Шығыс-Қазақстан облысының (Өскемен қ.) облыстық балалар ауруханасында өтті. Балалар реанимациясының бөлімі 15 306 313 теңге сомасына жабдық алды. Семей қаласы перинаталды орталығының бас дәрігері де бағасы 11 487 357 теңге тұратын медициналық жабдыққа сертификат алды. Жабдықтарды ұсыну рәсімі үстінде біздің қорға Шығыс – Қазақстан облысының әкімі Бердыбек Машбекович Сапарбаев, аурухананың бас дәрігері Рая Жангельдиевна Рахимова үлкен алғыстарын айтты. Облыс әкімі біздің балалар денсаулық сақтау мекемелеріне көрсетіп жүрген қамқорлықтарымызды барлық потенционалды меценаттарға – Шығыс Қазақстаннан шыққан табысты болып жүрген бизнесмендер мен саясатшыларға үлгі етуді ұсынды. Өскемен мен Семейдің дәрігерлері біздің қордың өкілдерін жабдықтықтың барлық мұршасын пайдалана отырып, балалар өлімдерінің көрсеткіштерін азайтуға амал жасаймыз, деп сенім білдірді. Бұл күннің бір есте қалатын жағдайы, ол Өскемен қаласының облыстық перинаталды орталығында өмірге үш қыз бала келді. Оларды көп күттірмей тез арада біздің қордан алған кереуеттің қасындағы пациенттің мониторына жалғастырды.      

Осы күннің екінші жартысында ұсыну рәсімі Қарағанды облысының перинаталды орталығында өтті. Реанимация бөлімімен танысқаннан кейін, конференц – залында, ПнО – ның қызметкерлері мен БҰҚ – тың өкілдерінің  қатысуымен салтанатты түрде ПнО – ның директоры Әнбия Жұмажановна Айтжанова біздің қордың президенті Айдан Сүлейменованың қолынан жіберілген жабдыққа сертификат алды. Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Арман Оразбекович Қырықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерденбай Әбілқасимович Әбілқасимов, облыстық әкімшілігінің қызметкерлері мен босану көмегінің қызметіне жауапты облыстық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері қатысты. ПнО – ның директоры өз сөзінде, қайырымдылық қордан осындай санды жабдықтарды алу тәжірибесі бірінші рет болып тұрғанын айтты. Сонымен қоса, Әнбия Жұмажановна жабдықтың сондай дәл кезде пайда болуы, себебі реанимация бөлімінде инфузионды және инелі дозаторлар үнемі қолдануда болады да, жиі кездерде олардың жетпей қалатыны да болады, деді.   

Қуанышқа орай, Шығыс – Қазақстанның және Қарағанды облыстарының әкімшілік өкілдері «АЯЛА» қорының өкілдеріне «Деміңді алшы, балақай» жобасын БҰҚ – та және сыртқы жарнама құрамы арқылы ағарту үшін барлық күштерін салуға үәде берді. Әкімшіліктің қызметкерлері бізді қордың ісі, астында үкіметті емес ұйымдарды, және аймақтың барлық бизнес құралдарының өкілдерін біріктіретін ту болады, деп сендірді.

Бұл «Деміңді алшы, балақай» жоба бөлімінің демеушілері Ішкі көріністер Үйі «Dialin», Арвинд Тику, және «Қағанат» асханалар желісінде орналастырған бокстарға аздап салып қайырымдылық еткен мыңдаған Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары болды. Үлкен қалалардың тұрғындары, біздің қаланың коммерциялық құрылымдары, ауруханалары мен босану үйлері әр – түрлі қайрымдылықтар жасауға дағдыланған, ал республикамыздың облыстық орталықтарында қайырымдылыққа ақша жинау деген қарапайым азаматтардың арасына тарамаған, бизнесмендердің демеушіліктері және меценаттықтары әзірше көпшілікке айналмаған. Бірақ біз қайырымдылық іске қатысу жақын арада әдетті дағдыға айналады, деп сенеміз.

Мейрімді істі бірігіп жасайық. 

  Барлық фотосүреттерді жүктеп