20-10-2011 Жетім балалардың әлеуметтік көңіл-күйі

Бүгін алматылық қалалық әкімшілігінде, біздің қорымыздың тұрақты серіктесіміз – «Бауржан»...

Бүгін алматылық қалалық әкімшілігінде, біздің қорымыздың тұрақты серіктесіміз – «Бауржан» атты қоғамдық қор өткізген социологиялық зерттеудің қортындысы жөнінде дөңгелек үстел өтті. Бұл зерттеу «Жетім балалардың әлеуметтік көңіл - күйі» деп аталған болатын, және ол бес балалар мекемелерінде өткізілген болатын: №1 және №2 қалалық балалар үйлерінде, мамандандырылған «Жанұя» кешенінде,  №1 облыстық балалар үйінде және «SOS Алматының балалар ауылында».

Дөңгелек устелдің ісіне әлеуметтік балалар мекемелерінің басқарушылары, қалалық әкімшілігінің және коммерциялық емес ұйымдардың, жетім балаларға көмек көрсету саласында жұмыс істейтін өкілдері қатысты. Жұлдыз Омарбекованың социологиялық зерттеу туралы  баяндамасынан кейін басталған пікір – талас барысында, балалар үйлерін әрі қарай дамыту жолдары туралы, бұл әлеуметтік мекемелерге көмектесу ісінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара қатысуы туралы көптеген пікір, ойлар айтылды. Барлық ұсыныстар талданылады да, ҚҚ «Бауыржан» сайтына төрт апта арасында енгізіліп салынады. Барлық қызығушылық білдірген тұлғалар осы дөңгелек үстелдің ұсыныстарымен электронды пошта арқылы таңыстырылады.