28-05-2012 Мобилді қайырымдылық

Міне екі жыл болды, Beeline ұялы байланысы, біздің қормен бірге өз абоненттерінің арасында...

Міне екі жыл болды, Beeline ұялы байланысы, біздің қормен бірге өз абоненттерінің арасында «Тыныс ал, балақай» жобасына қаражат жинау жөнінде кампания жүргізіп жүр. Бұл оператордың кез келген абонентінің, облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан балалық бөлімдерінің реанимациясы мен перинаталды орталықтарын жабдықтау жөніндегі біздің жобаны қаржыландыруға қатысуға мүмкіндігі бар. Ол үшін 1462 нөмірге sms жіберсе болды, 100 теңге автоматша «Тыныс ал, балақай» жобасына қаржылық қызмет етуге арналған есеп-шотына барып түседі.

«Тыныс ал, балақай» жоба туралы ақпараттарды ақырғы екі sms арқылы жіберу барысында 1 779 890 теңге жиналған болатын. «АЯЛА» қоры барлық Beeline абонентеріне, біздің елдің жаңа туған азаматтарының, әсіресе, ауқытына жетпей туғандардың денсаулықтарына селқос болмағандары үшін алғысымызды айтамыз. Шала туған перзенттер – ол тәуекелді топ және осындай балалар өлім статистикасына жиі кіреді.

Біз «Қар-кел» компаниясына «Тыныс ал, балақай» жобасына қатысқаны үшін алғыс айтқымыз келіп отыр. Осындай көмектер Қазақстандағы барлық коммерциялық сектор үшін үлгі болып жатыр.

2012 жылдың басынан бастап жиналып келе жатқан ақша Қызылорда облыстық перинаталды орталығы үшін замануи медициналық аппараттарын сатып алуға бағытталған. Жабдықтарды жеткізу шартына қарай, біздің қор оны Қызылорда ОПО-тың балалық реанимациясына ағымды жылдың күз басында жібереді.