31-05-2012 Жылда болатын III халықаралық конференциясы

Бүгін ҚР Тұнғыш Президентінің қорында «Бауыржан» және «Алтын қыран» қайырымдылық қорлары...

Бүгін ҚР Тұнғыш Президентінің қорында «Бауыржан» және «Алтын қыран» қайырымдылық қорлары жылда болатын III халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» конференциясын өткізді. Бұл конференцияның тақырыбы қайырымдылық ұйымдардың әрекеттерін, және коммерциялық емес секторлар әрекеттерінің тиімділігі мен ашықтығын анықтау болды.

Конференцияда Ресейден келген қайырымдылық саласындағы сарапшылары – Елена Тополева-Солдунова, Юрий Сухоруков, ҚР Парламент Мажилисінің депутаты Айгүл Соловьева сөз сөйледі. Өте тартымды франдрейзинг және Ұлыбританиядағы қайырымдылық ұйымдар жұмысы жөніндегі маман Джейк Хэйменнің сөзі болды.  

Тұнғыш Президент қорының үлкен акт залында өріс алған пікірталас жылда болатын «Қазақстандағы қайырымдылық» конференцияның барлық қатысушылары үшін тәжірибе алу жағынан пайдалы болды.   

Бұл конференцияның белгі оқиғасы,  осы интернет ресурсында тіркелетін қайырымдылық саласындағы ұйымдар әрекеттерінің ашықтығын қамтамасыз етуге шақыратын сайтымен таныстыру болды. Сайт ұраныwww.verification.kz– «Мен адалмын!» Қайырымдылық қор үшін бұл атақ әлеуметтік маңыздылығы бар жобаларды іске асыруда мүдделі мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардан демеушілік көмектің тұрақты алушылары болуға көмектесуі мүмкін.

Конференцияның ұйымдастырушылары мен қатысушылары қайырымдылық ұйымдар туралы Заңды жасау және «Қоғамдық ұйымдар туралы» Заңға жөндеу мен өзгерістер енгізу үшін жұмыс тобын құру жөнінде шешім қабылдады. Жаңа заң қабылдау қоғамдық пайдасы бар ұйымдардың жұмысын әлде қалай жеңілдетер еді де, біздің елдің іскерлерін қайырымдылық әрекеттерге тарту үшін амал болар еді.

Бұл конференцияның тұрақты ұйымдастырушысы Жұлдыз Омарбековаға белсеңді азаматтық ұстанымы мен Қазақстандағы азаматтық сектордың жағдайына немқұрайлы емес үшін алғыс айтқымыз келеді.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп