03-10-2012 Аспаздар сайысы

БүгінI ntercontinental отелінде Британ-Қазақстан Қоғамымен (British-Kazakh Society, BKS)...

БүгінI ntercontinental отелінде Британ-Қазақстан Қоғамымен (British-Kazakh Society, BKS) ұйымдастырылған аспаздар сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – қазақ дастарханын маңызды ету, оның сыйлығы Лондонға гастрономиялық бару (жұлдызды мейрамханаларға бару, ең жақсы шефтермен кездесу, фермерлік базарларға саяхат жасау). Сайысты жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.  BKS-тің атқарушы директоры Гаухар Брамлей-Фентон кешкі асты қонақтарға ұсыну үшін біздің қорды шақырды.

Шара барысында бізбен орнатылған бокста 110 000 теңге жиналды. Бұл ақшаны біз «Тыныс ал, балақай», Петропавл, жобасын іске асыруға салуды жоспарлап отырмыз.

Үш қазақстандық шеф-аспаз 120 қонақ пен арнайы әділқазылар үшін өз тағамдарын – қазақ дастарханы тақырыбына авторлық шығармашылықтарындайындады. Биылғы сайыста Айдын Нұрсапинов, Бақыт Аринов, Аркен Ажеипов қатысты. Дегустация мен әділқазылардың талқылауы бойынша  жеңісті Бақыт Ариновке берілді. Біздің қорды қуантатын мәселе,  BKS-мен ұйымдастырылатын барлық шаралар үнемі, өзінің тікелей бағдарысынан басқа, қайырымдылық сипаттаманы алып жүретіні. Біз Гаухар Брамлей-Фентонға, қайырымдылық мәдениеті мен дәстүрді қалыптастыру істе бізге көмек көрсетіп жүргені үшін, алғысымызды айтамыз.

  Барлық фотосүреттерді жүктеп