20-02-2013 Өмірлік қажеті Петропавловск облысы перинаталды орталығына

Бүгін Петропавловск қаласындағы облыстық перинаталды орталықта (ОПО) жаңа...

Бүгін Петропавловск қаласындағы облыстық перинаталды орталықта (ОПО) жаңа шала туған перзенттерді жетілдіруге арналған медициналық жабдықтарды тапсыру рәсімі өтті. Тапсырылған жабдықтардың құны 15 460 905 теңгені құрады.

2008 жылы Қазақстан Республикасы тірі туылу критериясы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйым (ДДСҰ) стандартына көшкен болатын. Сол сәттен бастап тірі туылды деп салмақтары 500 граммнан бастап перзенттер саналады, бұдан бұрын, совет одағының кезінен бері тірі туылды деп салмақтары 1200 граммнан астам перзенттер саналатын. ДДСҰ стандарттарына өту біздің елдің, ел дамуы индикаторының бірі болып табылатын аналардың шеттенуімен қатар, перзенттер өлімі көрсеткіштерін кенет көтеріп жіберді. Жаңа нормативтерге көшу медицина қызметкерлерінің біліктік деңгейі мен балалық реанимация бөлімдерінің жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтамасыздандырылуының алдарына жаңа талаптар қойды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық перинаталды орталығының стационары 135 кереуетке есептелген, балалық реанимация бөлімі 6 кереуетке. ОПО-да облыстың босанулардың шамасынша 63% өтеді. 2011 жылы ай сайын орташа алғанда 658 босанулар болды. Уақытына жетпей босанулар 7,4%-ды құрады.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау Басқарма бастық орынбасары Мариям Батанованың айтуынша: «Біздің «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы туралы естуімізге бірталай болды. Кезек біздің облысқа қашан жетер екен, деп, асыға күттік. Басқа облыстардағы біздің әріптестерімізден осы жобаның іске асырылуының қаншалықты тиімді екенін біліп жүрміз. «АЯЛА» қайырымдылық қорына және бүгін біз алған жабдықтарды сатып алу үшін қаражат жинауға көмектескен барлық адамдарға алғысымызды атқымыз келіп отыр». 

Петропавловсктік перинаталды орталық бас дәрігерінің міндетін атқарып отырған Мұрат Жақсылықович Искаков былай деді: «Біздің перинаталды орталықта неше түрлі патологиялары бар аналар мен нәрестелердің босанулары жинақталады. Біздің перинаталды орталық – босануда көмек көрсететін үшінші деңгейдегі мекеме, сондықтан, жедел босанулардан басқа, бізде көп санды ауқыттарына жетпей босанулар болып жатады. Ал шала туған перзенттер жетілдіру үшін арнайы құралдарды талап етеді, сондықтан, бүгін біз «АЯЛА» қайырымдылық қорынан алған жабдықтар, біріншіден, тұрып қалмайды, екіншіден, біздің балалық реанимация бөлімінің жұмыс тиімділігін маңызды көтереді, білемін».

«Қазақстанның барлық жерінде бар «Жинақбанк» әлеуметтік маңызы бар жобаларға қатысады да, білім, мәдениет даму салаларында, және қиын жағдайға ұшыраған адамдарға көмек көрсету жағында демеушілік пен қайырымдылық іспен айналысады. «АЯЛА» қайырымдылық қорының әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша Жинақбанкінің серіктесі болғаны алғашқы рет емес. Демек, айта кету керек, осындай жобаладың мысалында «АЯЛА» қорының проблемаларды анқтау, оларды шешу тәсілдерін іздеу, және шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру жөніндегі үлкен жұмыстары көзге түседі», - деп Жинақбанкі мен қордың бірлесіп істеген жұмыстарына «Жинақбанк» ЕБ АҚ Басқармасының Төрағасы Орынбасары Шұхрат Садыров  түсініктеме жасады.   

 «Бұл жабоның іске асырылуы үлкен сан адамдар көмегінің арқасында мүмкін болды. Бұл жоба үшін қаражат жинау Британ-Қазақстандық Қоғамның ұйымдастырған екі жүгіріс кезінде басталды. 2012 жылдың қыркүйегінде Қазақстан бас ордасы – Астанада жартылай марафон, Алматыда - 10 шақырымдық жүгіріс өтті. Бұл спорт шараларының үстінде 2012 жылы жиналған барлық қаражатты Британ-Қазақстандық Қоғам біздің қорға аударуды шешті. Ал, біз болсақ, бұл қаражатты «Тыныс ал, балақай», Петропавловск жобасына жібердік. Біздің BKS-ден басқа да көп демеушілеріміз болды, олар, Жинақбанк, Kioge, Эйр Астана, Kamkor Management, Trade Commerce Oil, Кағанат, Dialin, World Class. Мынадай жағдайларда болды, бір немесе бірнеше демеуші бір медициналық мекеме үшін жабдықтар сатып алуға көмектескен, ал Петропавловск жағдайында жобаны іске асыруға мыңдаған адамдардың көмектері тиді», - деді «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сарсенов.

BKS директорының міндетін атқарушы Гаухар Брамлей-Фентонның айтуынша: «Британ-Қазақстандық Қоғам Қазақстанда жылда қайырымдылық жүгірістер өткізіп жатады. Осындай жүгірістер салауатты өмір салтын таратуға, Ұлы Британия мен Қазақстанның арасындағы қатынастарды жақсартуға, Қазақстан қалаларының тартымдылығын жоғарлатуға мүмкін береді. Бірақ, ең басты мақсат – тұрғындардың қажеттенетін топтары үшін қажетті қаражат жинау. «Тыныс ал, балақай» жобасының таңдалуы кездейсоқ емес – «АЯЛА» қайырымдылық қоры мейірімділік пен қайырымдылық рухын толық көрсете алады, сондықтан, біз біздің ұжымдасып жасаған әрекетіміз Петропавловск облысы перинаталды орталығына көмегін тигізе алғанына қатты қуанамыз.»

 Барлық фотосүреттерді жүктеп