27-02-2013 «Тыныс ал, балақай» жобасы Шымкентте

«Тыныс ал, балақай» жобасы Оңтүстік Қазақстанға келіп жетті. Оңтүстік Қазақстан облысы...

 Әр төртінші қазақстандық Оңтүстік Қазақстан облысында өмірге келеді

                                                                                                                                                                 Статистика

«Тыныс ал, балақай» жобасы Оңтүстік Қазақстанға келіп жетті. Оңтүстік Қазақстан облысы – туылу бойынша жетекші. Статистикаға сәйкес, әр төртінші қазақстандық нақ ОҚО-да туылады. Бірақ, онымен қоса, облыстағы жаңа туғандардың өлімі де орта республикалық көрсеткіштен асады. «АЯЛА» қайырымдылық қорының «Тыныс ал, балақай» жобасы перинаталды орталықтар мен перзентханалардың реанимация балалық бөлімдерін замануи аппаратурамен қамтуға көмектесуге бағытталған.  ОҚО-да, басқа облыстардан айырмашылығы, облыстық перинаталды орталықтар біреу емес, Қазақстанның оңтүстігінде бұндай медициналық мекемелердің саны – 4, оның 3-уі Шымкентте орналасқан, 1-уі  Түркістанда. №1 ОПО облыстың 12 ауданына қызмет көрсетеді, бұл жерде акушерлік практикадан ең ауыр жағдайлар жиналады.

«Тыныс ал, балақай» жобаның шектеуінде Шымкент қаласындағы №1 ОПО дем салу СИПАП аппаратын, фототерапия аппараттарын, инелік мөлшергіштерді, медициналық таразды, мобильді рентген аппаратын және тағы көп медициналық жабдықтарды алды. Барлық аппаратураның бағасы 14 399 880 теңгені құрады. Реанимация балалық бөлімінің практикада жүрген дәрігерлері, орта медицина қызметкерлері «Тыныс ал, балақай» жоба шектеуінде ие болған жабдықтарын жоғары бағалап отыр. Бұл жабдықтар шала жаңа туылған балаларға одан да тиімді медициналық көмек көрсетуге жәрдем береді.

Жағымды бағалауға болатын жағдай, жабдықтарды тапсыру салтанатты рәсімде жергілікті телеарналар мен газеттердің жорналистері қатысты. «АЯЛА» қайырымдылық қорының миссиясы – жалпы қайырымдылық істерді насихаттау. Қайырымдылықтың ең маңыздысы - мейірімді істерге жергілікті тұрғындардың қатысу фактісі болып табылады. Біздің ойымыз бойынша, «Шағын Отан» түсінігі, қайырымдылық көмек көрсетуге орын іздеген кезде, қазақстандықтар үшін басым факторлардың бірі болып табылу керек. Өкінішке орай, №1  ОПО үшін «Тыныс ал, балақай» жобасының демеушілері, Шымкент, алматылық  «Trade Commerce Oil» компаниясы мен «Dialin» ішкі көрініс Үйі болды. Алматылық іскерлердің көрсеткен үлгілері тамаша Шымкент қаласының кәсіпкерлері мен қарапайым азаматтарын жігерлендірер, деп сенеміз. Сөйтіп, олар Шымкенттің басқа қалған перинаталды орталықтарына бірге қосылып көмек әсерлерін жасар.

 «АЯЛА» қайырымдылық қорының барлық қызметкерлері республикалық «Тыныс ал, балақай» жобасы ең жақын арада аяғына жетеді, деп сеніп отыр. Біз барлық қазақстандықтарды осыған белсеңді қатысып үлгеруге шақырамыз. Естеріңізге сала кеткіміз келіп отыр, қайырымдылыққа қай жерде болсаңыз да, қолыңызда Beeline желісіне қосылған мобильді телефоныңыз болса болды, қатыса бересіңіз. Осы оператордың 1462 қысқа номірі әр абонентке «Тыныс ал, балақай» жобасына жарна жасап жіберуге мүмкіндік береді. Осы нөмірге жіберілген бос sms – қатынастың өзі де біздің жобаға 100 теңгені аударады. Ал sms саны шектелмеген.