18-03-2010 Қоғамдық идея мен жобалар жәрмеңкесі

2010 жылдың 18-19 наурызында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің...

2010 жылдың 18-19 наурызында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қоры жыл сайын өткізілетін қоғамдық идеялар мен жобалар жәрмеңкесін өткізді. Біздің қорымыз аталмыш жәрмеңкеге үш жобамен қатысты. Олар: «ДАРА» Жеке Қайырымдылық қорымен бірлесе отырып  дайындаған «Күлімсіреу күні»,  «Ойнай отырып, үйренемін» және «EduPlay Мультимедиялық білім беру кешені» жобалары. «Күлімсіреу күні»-балалар үйі мен интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балғындарымыздың оқу жылы біткенде, жыл сайын өткізілетін мейрамы. Қалған екі жоба, №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатындағы білім сапасын жақсарту үшін дайындалған. Бұл жобалардың жалпы құны екі миллион теңгеден асады.

Биыл, жоғарыда аталған жәрмеңкеге 230 жоба қатысып, соның ішінде тек 29 жоба ғана Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің Қорының қаржылай көмегіне лайықты болып шешілді. Барлық гранттар еліміздің аумақтары бойынша таратылды. Алматы қаласының коммерциялық емес мекемелері тарапынан берілген жобалар саны көп болғандықтан, біздің қорымыз жоба бойынша грант йегері бола алмады.

Қорымыздың жобаларына керекті қаражатты жинауда, қолы ашық және әзиз жүректі алматылықтар қол ұшын береді деген үміттеміз.

 

 Барлық фотосүреттерді жүктеп