Қазақстан баспасөз – клубында Бірінші халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» конференция ұйымдастырушыларының баспасөз–конференциясы өтті. Ұйымдастыру Комитетінің өкілдері Жангелді Сәрсенов, Жұлдыз Орынбековалар конференцияның мақсаттарын жариялады. Қазақстандағы қайырымдылық жағдайы туралы журналистер көп сұрақ қойды. Спикер ретінде сөз алып Айгүл Мукей қайырымдылық істегі БАҚ – тың рөлі туралы өз пікірін айтты: «Қайырымдылықтың дамуы журналистердің көмегісіз болмайды, БАҚ арқылы еліміздің азаматтары қайырымдылық ұйымдар жасап жатқан мейірімділіктер туралы естіп біліп жатады. Ақпараттар адамдарды қайырымдылық жасауға күннен күні көп тартуда, ал демеушілер қайырымдылық қорларға жіберген қаржыларының қалай жаратылатындарын біліп отырады.
Бұл баспасөз-конференцияда БАҚ өкілдерінің қайырымдылық ұйымдардың істеріне көрсеткен қызығушылықтары Бірінші халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» конференциясы табысты өткендігіне сендіреді.