Таңертеңгі сағат 10 – да Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының концерт қоятын үлкен залында Бірінші халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясы ашылды. Бұл конференцияны «АЯЛА» және «Бауыржан» қайырымдылық қорлары ұйымдастырған болатын. Конференцияның қатысушыларын әкімнің орынбасары Серік Сейдуманов, Тұңғыш Президент қорының орындаушы директоры Бектас Мухамеджанов жылы қарсы алды. Осыдан кейін «CAF Россия» (Мәскеу) қайырымдылық қорының Президенті Мария Черток , Ресей Федерациясының (Мәскеу) Ч. С. Мотта Қорының кеңесшісі Вячеслав Брахмин, социологиялық ғылыми докторы, профессор, Стамбул университеті Еуразия институтінің директоры (Стамбул) Тюфекчи – Оглы Хаяти, Қазақстандағы «Шеврон» корпорация аймақтық өкілеттігінің Басшысы Замира Канапьянова, және тағы басқалары да баяндамаларын жасады.
Түскі үзілістен кейін секцияларда отырыстар басталды:
«Қазақстандағы қайырымдылық - әлеуметтік институт: оның тарихы мен дамуы»
«Мемлекет және қайырымдылық»
«Қайырымдылық дамуындағы БАҚ – тың рөлі»
«Бизнес және қайырымдылық»
Секцияларда оқылған баяндамалар қызу толқынды серпіліс көтерді. «Бизнес және қайырымдылық» секциясында ҚР салық Кодексіне кәсіпкерлерді қайырымдылыққа ынталандыратын түзеулер енгізу дайындау үшін үлкен ұлттық компанияларының өкілдерінен және коммерциялық емес ұйымдардан тұратын қызмет тобын құру керек деп шешілді. Дұрысын айтқанда, бұл түзеулер әлеуметті демеушілерге заңды бұзбай қайырымдылық жасауға мүмкіндік береді. Екінші топ Қазақстан Республика қайырымдылық ұйымдар Ассоциациясының тұжырымдамасын жөндеумен айналысады.
«Қайырымдылық дамуындағы БАҚ – тың рөлі» атты секцияда қайырымдылықтың дамуына БАҚ – тың қосқан үлестерін артық бағалауға келмейтіні туралы көп айтылды. Коммерциялық емес ұйымдардың еңбектері туралы материалдар енгізу үшін басып шығаруға орын және телекомпанияның эфир уақытынан беру туралы қайырымдылық ұйымдар мен БАҚ меморандум дайындап аралық қол қойсын деген ұсыныс берілді.
«Қазақстандағы қайырымдылық - әлеуметтіік институт: тарихы және дамуы» секциясындағы баяндамалар КЕҰ – дың теориялық негізін жасауға арналды. Бұл секцияның да ой бөлістері, пікірталастары жемісті болды.
Конференцияның қорытындысы бойынша қатысушылардың баяндамалары мен мақалаларының жинағы басылып шығады.
Бірінші халықаралық «Қазақстандағы қайырымдылық» атты конференцияның табысы осындай отырыстар енді жылда өтетініне сенеміз деп айтуға мүмкіндік береді.
http://86.107.44.20/redesign2/index.php/kz/good-people-kz/abo-kz/item/1020-news-kz#sigFreeId574d2e6004