Астана қаласының Ұлттық Ғылыми Медицина орталығының конференц-залында, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі жанынан құрылған пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырыстың өзекті мәселелері 2 сұрақ турасында өрбіді.
1. Қазақстан Республикасында трансплантологияның дамуы
2. Опиоидтық терапияның баламасы (ОТБ)
«АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов, жоғарыда аталған кеңестің, ашылған күнінен бастап, мүшесі болып табылады. Бір қуанарлығы, қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдармен жасалып жатқан серіктестіктерге аса мән беруде. Біз, мемлекетімізге, түрлі мәселелердің шешімінде, осы сынды кеңес беретін ұйымдар арқылы көмек беруге дайынбыз.
Кеңестің кезекті отырысында 5 шешім қабылданды:
1. Мүшелерді ерікті түрде донорлық жолмен беру туралы заңнамаларда (Денсаулық сақтау Министрлігінің жарлықтары) өзгеріс енгізілуі.
2. Қазақстан Республикасында ағзаларды донорлық жолмен беруге байланысты «келіспеушілік» презумпциясын қабылдауды ұсыну.
3. Жастар арасында, өлгеннен кейін ағзаларды донор ретінде пайдалануды насихаттау, ТЖМ әскери қызметкерлері, жүргізуші құжатын алатын әуесқой автомобильшілер т.б.
4. ОТБ пилоттық жобасы әділетті баға алғанға дейін, республикалық деңгейге шығарылмағаны абзал. Бұл жобаға мүдделі ұйымдардың барлығы, 2012 жылға дейін бұл жобаның орнығуы үшін керекті істерді жүзеге асыруы керек.
5. БАҚ-да, методондық терапияға байланысты ЙӘ немесе ЖОҚ деген қандай да бір, популистік арыз немесе мақала жазуды доғара тұрған жөн болатындығы талқыланды.