Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорында «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл және ҮЕҰ-дың Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөліне арналған форум болып өтті. Форум жұмысына Алматы қаласының әкімі Есімов А. С., Әкім орынбасары Сейдуманов С.Т., қалалық мәслихат, министрлік және үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты. Толық мәжіліспен қатар, Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарының қызметімен байланысты ақпараттық көрме өтті. Оқылған баяндамалармен басылым материалдары, коммерциялық емес ұйымдар қызметкерлеріне аса керекті мәлімет болады деген ойдамыз.
ҮЕҰ «Ақпаратты-ресурстық орталығы»Қоғамдық қорына, аталмыш форумды ұйымдастырғаны және күн сайын,ҮЕҰ-ды қызмет алаңдарында болып жатқан барлық жаңалықтармен таныстыру бағытында жүргізіп келе жатқан жұмыстары үшін ең шынайы алғысымызды білдіреміз.