2009 жылдың 27 ақпанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының салтанат залында Қайырымдылық қорлары қауымдастығының (ҚҚҚ) құрылтай конференциясы өтті. Бұл түрлі – жеке және қоғамдық – қорлардың жиыны тағы да Қауымдастықтың болуы қажет екендігін дәлелдеді.
Әлеуметтік жобалармен айналысатын қорлардың былтырғы (12 қараша) жұмысшы кездесуі «қиысатын» жобалармен бірнеше қорлардың жұмыс істеуінің тиімділігін, күш біріктірудің тек қана бір жеке қорға түсетін қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, жеке шаралардаа да, ұзақ мерзімдік науқанда да бірлесіп қатысудың тиімділігін арттыратындығын көрсетті.
Жұмысшы кездесу мен құрылтай конференциясының барысында арасында қызу полемика да, жемісті сұхбаттар мен «мүдделері бойынша» шағын ассоциациялардың құрылуы да жүріп жатты. Әлеуметтік әлсіз топтардың, әсіресе жетім балалардың жағдайын жақсартуға мүдделілері асырап алу, қамқорлыққа алу мен патронат саласындағы заңдарды өзгертумен айналысатын топ құрды. Басқа бір топ балалар кардиохирургиясы мәселесімен айналысатын болды. Бұл «топтардың» өзі де бірнеше рет қиысып жатады.
Конференцияның барлық қатысушылары ҚР Тұңғыш Президенті қорына жиын өткізетін орын бөлгені, ҚҚҚ белсене қатысқаны үшін және «АЯЛА» мен «ДАРА» қорларын кездесуді ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыс білдірді.
Декларацияны қабылдау осы конференцияның қорытынды «аккордына» айналды. Енді 27 қаңтар Қазақстан Республикасының Қайырымдылық Күні болып саналады.
Бұл күн еліміздің қайырымдылық пен меценаттық тарихындағы жаңа бетті ашты деген үміттеміз. Ондаған қорлар мен көптеген игі және жомарт отандастарымызға КӨМЕГІ үшін алғыс білдіреміз!