2009 жылдың 19-20 наурызында Алматыда «Халық денсаулығы – Қазақстанның игілігі» атты Әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық 5-ші жәрмеңкесі өтті. Шараны ұйымдастырушылар – «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Приезидентінің қоры» ҚҚ, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Халықаралық заманауи саясат институты.
«АЯЛА» қоры жәрмеңкеге бақылаушы ретінде қатысты. Біздің стенд шараға қатысушылардың көбінің қызығушылығын тудырды. Біз жаңа достар мен ниеттестерді таптық.