«АЯЛА» қайырымдылық қоры президентінің Кеңесшісі Жангелді Сарсенов «Қазақстан» телеарна «Дағдарыс сабағы» бағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Басты діни конфессия және көпшіліктің өкілдері «Бауыржан» және «Үй» қорларының президенттерімен бірге қосылып Ғаламдық қаржылық дағдарысты ахуалдағы қайырымдылықтың жағдайын талқылады. Тікелей эфир барысында бірнеше мәселелер шешілді. Мысалы, Алматы қаласының № 5 ҚКА профессорының жаман еститін балаға кеңес беруі туралы сұрақ шешілді.
Бағдарламаның ең басты қорытындысы, ол ахуалға қарамай, жомарт және селқос емес адамдардың саны азаймағандығы болды. Әншейін, бұл адамдар қайырымдылыққа амалсыздан аз беретін болып жүр. Ахуал да өтер, мейірімді адамдар тағы да шын жүректен мұқтаж адамдарға көмектесер. Ал қайырымдылық қорлар, қайырымдылық тиімді болу үшін, бар амалды жасар.
Біздің қорымыз әлі Алматы қаласының балалар ауруханасының реанимациялық бөлімдеріне көмектесулерін жалғастырып жүр. №2 ҚКБА реанимациясына 4 әржақты тіреу қойып бердік. Бұл тіреулер қатты ауру балалардың кереуеттерінің жан жағын болғанынша кеңейтуге керек. Тіреуге инфузоматтарды да (дәрілердің ішімге уақыты мен өлшемінің бөлуін нақты ету үшін керек аппарат ) қоюға болады, инелік дозаторларды да, жалпы тамырға дәрі жіберу сыйымдылықтарды да қоюға болады. Екі тіреу – стационарлы, олар кереуеттерге бекітіледі, ал екеуі – мобилді, оларды тез арада бөлменің басқа кереуеттерінің қасына жеткізуге де болады. Реанимациялық бөлімдер персоналдарының айтуынша, бұл жабдық дәрігерлер мен медбикештердің жұмыстарын елеулі жеңілдетеді, демек, нашар жағдайда жатқан балалардың азаптарын да жеңілдетеді.
№1 балалар жұқпалы ауру ауруханасының реанимациясына өте қымбат тұратын «Изофлюран» дәрісін жібердік. Бұл дәрі наркозды сүйемелдеу үшін қолданылады. Нашар жағдайда балаға кейде наркоз беру керек болады. Аурудың ең нашар кезеңі туғанда баланың азабын жеңілдету үшін. Міне, наркоздың сүйемелдеуін қауіпсіздендіру үшін осы дәрінің керектігі зор. № 1 ҚКБЖА реанимациялық бөліміне осы дәріні алып беруге бізге көмектескендерге рахметімізді айтамыз.