Қорлар Тұңғыш Президентінің акт залында, «АЯЛА» президент кеңесшісінің төрағалығымен Қайырымдылық Қорлар Ассоциациясының (ҚҚА) кезекті жиналысы өтті. ҚҚА «күздік» жиналысының талқылау тақырыбы: Бергамо қаласындағы клиникада өткен сынақ іс туралы анестезиолог-реаниматолог дәрігерлердің есеп берулері болды. Бұл сынақ іс «ДАРА», «АЯЛА», және ҚҚ «ҮЙ» - үш қайырымдылық қордың біріккен күші арқасында мүмкін болды. Дәрігерлер Италияда нені үйренгендерін, және қазақстандық медицинасына алған білімдері мен іскерліктерін меңгеру туралы жоспарларын айтты.
ҚҚА жиналысының екінші сұрағы Республикадағы қант диабеті ауру, әсіресе балалардың, жағдайы болды. Жағдай туралы Диабеттік ассоциациясының(ҚРДА) президент көмекшісі және қалалық денсаулық сақтау Департаментінің бас педиатрі сөз сөйледі.
ҚҚА ақпараттық ресурстарын жасау үдерісі туралы «Шын жүректен» ҚҚ президенті Михаил Филонов есеп берді.
Жиналыстың қорытындысы – ҚҚА жиналысын жылында үш рет: қыста, көктемде, күзде,өткізу болып шешілді. Келесі - ҚҚА «қысқы» жиналысын Қазақстан Республикасының Қайырымдылық Күнін - 27 қаңтар күн жариялауының бірінші жылдығында өткізбек болдық.
Біздің қорымыз ҚРДА бірге қант диабеті бар балалардың асқынған және қауырт жағдайлары туралы ролик түсіруге келісті де, денсаулық сақтау және білім Министірлігі, «АЯЛА» қайырымдылық қоры мен ҚРДА сайттары арқылы осы материалдарды барлық Республика бойынша таратуға келістік.