Шынында Халық Банкі

Шынында Халық Банкі

Біздің сұрағымызға  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ Басқармасының Төрағасы Үміт Болатхановна Шаяхметова жауап береді.

 

Біздің сұрағымызға  «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ БАНКІ АҚ Басқармасының Төрағасы Үміт Болатхановна Шаяхметова жауап береді.

-Халық банкі өзінің қайырымдылық жобаларымен өте танымалы екенің білеміз. Қайырымдылық қызметінің басты бағыттары қандай?

 Біздің банктің демеуші және қайырымдылық қызметінің базалық бағыттары, ақырғы жылдардың аралығында, жетім балаларды қолдау, мүмкіндіктері шектелген балалар, ҰОС ардагерлері  жөніндегі жобалар болды.

 Аймақтық кесігінде, республика бойынша, «Қазақстан халық банкі» АҚ бөлімшелері ата-анасының қамқорлығынан ажыраған балаларға, және мүмкіндіктері шектелген балаларға  күтімді, асырау мен тәрбиелеуді қамтамасыз ететін балалар мекемелеріне қамқорлық көмегін көрсетеді.

 -  Сіздің банк қайырымдылықпен жүрегінің шақыруы бойынша ма, әлде «мәжбүрленгеннен» шұғылдана ма? Банктің тек қайырымдылықпен шұғылданатын арнайы бөлімі бар ма?

- Қалай ойлайсыз, біреуді мейірбандыққа, бауырмашылыққа, аяушылыққа, сүйіспеншілікке мәжбүрлеуге бола ма? Бұл «адамгершілік» деген моралды ұғымға жататын қасиет. Демек, осы сұраққа бір-ақ жауап ‑ банк, оның қызметкерлері, біріншіден, тек өз жүректерінің шақыруын басщылыққа алады.  

Жалпы, банктің демеушілік және қайырымдылық қызметтері көпшілік және маркетингпен байланысу Департаментінің басқаруымен жүреді. Одан, осындай немесе басқа әлеуметтік жобаларға қатысу туралы мәселе алқа болып шешіледі – Банктің Басқарма отырысында.

 Және маңызы аз емес – Банктің көрсететін қайырымдылық және демеушілік көмектері жоспар негізінде іске асырылады. Демеушілік және қайырымдылық саясатын жүйелеу үшін, 2006 жылдың тамыз айында Банктің басқармасы «Қазақстан Халық Банкі»АҚ-ның демеушілік ісі және қайырымдылық көмек көрсетудің басты бағыттары туралы Бағдарлама қабылдаған болатын. Банкте біздің қызметкерлер қатысатын қайырымдылық акциялар жүйелі өтеді.  

-  Сіздің демеушілік және қайырымдылық жөніндегі былайғы жоспарларыңыз туралы айтып берсеңізші.

- Біз банк белгілеген әлеуметтік бағыттарының бірталайын іске асыру жөніндегі жұмыстарын жалғастыруды жоспарлап отырмыз.

 Бірнеше нақты мысалылар келтірейін. 2005 жылдан бастап біздің банк белсеңді баскетбол қозғалысын жаралту бойынша «Ұлттық Лига» атты әлеуметтік жоспарын қаржыландырады. Осы жоспардың басты мақсаты қазақстандықтардың спортты сау және жас түлектерін тәрбиелеу, салауатты өмір сүру дәстүрін насихаттау, мектеп-интернаттар мен қамқорлық көрсетіп жүрген балалар үйлері түлектерінің арасында бос уақыттарын қызықтап өткізуге үйрету.

Жоспар шектеуінде балалар мекемелерін спорт құралдарымен, киім-кешекпен жабдықтау, тренерлер құрамын дайындау және еңбек ақыларын төлеу. Барлық оқу жылы арасында жобаға қатысушылардың баскетболды маманды тренерлердің жүргізуімен жаттыға алатын мүмкіндіктері бар, ал осы жаттығулардың нәтижесі - жыл сайын өтетін «Үміт Кубогы» жарысы болып табылады. Жарыстың ұйымдастыруы ҚР Баскетболының Ұлттық Федерациясы қатысуымен ұлттық және халықаралық деңгейдегі төрешілерді тартумен өтеді. Бас демеуші ретінде Халық банкі балалар мен алып жүрушілердің келуіне, қатысушыларды орналастыруға(тұру және тамақтануға), жарыстың жеңушілері үшін жүлде қорын сатып алуға, төрешілердің персоналына төлеуге байланысты шығындарды жабады.

2010 жылы Халық банкі, «Сосновый бор» Санаториясында (Қостанай облысы, Щербаково п.) өткен, «Өміт Кубогы 2010» VI Республикалық жарысын ұйымдастырды. Оған ең жақсы деген атаққа ие болу үшін 160 жас спортшы жиналды.

Келесі жылдың мамыр айында VII жарыс ойындары басталады. Олар Ақмола облысының Боровойында өтеді. 

- Халықтың білім беру жөнінде бағдарламасы бар ма?

- Әрине. Арнайы «Халықтық студенттер» бағдарламасының шектеуінде және Қазақстан Халық Банкінің қолдауымен 46 біздің республикамыздың жас азаматтары жоғарғы білім алып жатыр. Оның барлығы – балалар үйлерінің және республиканың әр-түрлі аймақтарынан келген мектеп-интернаттарының түлектері.    

Бұл бағдарлама 2007жылдың қыркүйек айында старт алды. Бағдарламаның шарты бойынша, жоғарғы деңгейдегі білімдерін, және республиканың әр-түрлі жоо –да білім алуға ұмтылыстарын көрсете білген балалар, Халық банкінің стипендианттары болады. 2010 жылы банк стипендианттардың төртінші жиынтығын іске асырды. Жаңа дайындалған студенттер  қамқор көрсетіп жүрген балалар үйлерінің  11 түлектері болды. Осы балалар мен қыздардың барлығы, әлеуметтік бағдарлама шартына сәйкес, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ–ның болашақ қорының мәліметтер базасына енгізіледі де, жоо-да емтихандарын табысты өткізгеннен кейін, банктің бөлімдерінде беделді және жоғарғы төленетін жұмыстарға орналасуға сене алады.  

Барлық оқу жылының ағымды кезеңінде, оқуға төлеуден басқа, студенттерге Қожахан АБЕНОВ атындағы стипендия төленіп отырылады. «Халық студенттері» айлық стипендиясының көлемі 10 000 теңге, ал грантқа түскендерге – 15 000 теңге.

 Бекітілген «Жеңіс Марафоны» әлеуметтік жоба шектеуінде Банк, жыл сайын Жеңіс Күніне арналған елдің ардагерлік ұйымдарына және ҰОС ардагерлеріне – Банктің салымшыларына көмек көрсету жөнінде акция өткізеді. Сондай-ақ, Осы жылдың бір ай ағымында, Халық банкінің клиенттері – Ұлы Отан Соғысының ардагерлері төлем мен қызмет көрсетудің басты түрлері бойынша төлемсіз қызмет көруге мүмкіндік алды.   

 Жалпы,жобалардың саны бірталай. Өкінішке орай, бұндай күрделі еңбекті көпшілік ақпараттар құралы жарықтандырмай қалуды қалайды, бұны жарнама деп.   

- Сіздің әр-түрлі жобаларды іске асыруда «АЯЛА» қайырымдылық қорына жиі көмек беретініңіз туралы білеміз. Нақ осы қор не себептен сіздің таңдауыңызға тұрды?

- Әрине, қазір қайырымдылық қорлар жетіп жатыр. Таңдау кезінде, біз, біріншіден, қордың қайырымдылықта ұстайтын әдісін басқа алдық. «АЯЛА» мамандары тек көмек көрсетуге жәрдем беріп қана қоймай, мысалы, медициналық мекемелеріне, оны ойластырып, негіздеп істейтіндерін айтып кету керек. Қажеттіліктерді, керектігін, салымның керек деңгейін зерттейді. Демеушілердің көмегімен алынатын жабдықтар, көп қажеттенетіндерге пайдалы болуы мүмкін.

 «АЯЛА» қайырымдылық қорының жобаларына қатыса отырып, Банк Сызганов атындағы ҰҒХО және Алматы қ. перинаталды орталығының төлемсіз бөлімі үшін медицина жабдығын сатып алуға, сонымен қоса, Алматы облысының босану үйлерінің бөлімдеріне 32 фототерпия аппараттарын орнықтыру бойынша «Ұлттың денсаулығы босану үйлерінен басталады» жобасын іске асыру үшін қаражат жіберді,

- Қайырымдылық жобаларды таңдауда Сіз қандай принциптерді басқа аласыз?

- Барлық осы принциптер біздің банктің Басқармасы бекіткен «Қазақстан Халық Банкі»АҚ –ның демеушілік ісі және қайырымдылық көмек көрсетудің басты бағыттары туралы бағдарламада көрсетілген. Бұл демеушілік қызметінің және қайырымдылық көмек көрсетудің көздеген мақсаттылығы, шешім қабылдаудың анық және әділеттігі, демеушілік істің және қайырымдылық  көрсетудің тиімділігі мен іскерліктігі, демеушілік істің және қайырымдылық көмек көрсетудің жүйелілігі мен мирасқорлықтығы.

 Сонымен қоса, демеушілік қызмет пен қайырымдылық көмек көрсету, әлеуметтік салада әрекеттенбейтін діни, саясаттық және коммерциялық ұйымдарға көрсетілмейді.

- Сізге және сіздің банкіңіздің қызметкерлеріне қайырымдалыққа қатысу не береді?

-  Біздің бәріміз де адамбыз. Менің ойымша, біздің арамызда аз кім біреудің азабына жай қарай алады. Әсіресе, азаптанған бала болса. Біздің қуанышымызға орай, біздің қызметкерлеріміздің көбі осындай жағдайда қатысусыз қалмайды.  

Солай, 2009 жылдың сәуір айында тірек – қозғалыс аппараттары бұзылған балаларға арналған Алматы қ. №2 арнайы мектеп-интернатына көмектесу бойынша қайырымдылық акциясы өткізілді. Басқарма мен Банктің қызметкерлерінің күшімен Банктің демеушілік бюджетіне салынып қойылған қаражаттан 544 500 тенге жиналды. Жиналған қаражатқа балалардың дене шынықтыруларын дамытатын қазіргі заманға сай тренажерлар мен спорт жабдықтары алынды. Солай-ақ, былтыр «Жанұя» Мамандандырылған комплекстің түлектеріне көмек көрсету бойынша қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Оның ішінде, Банктің басқарушылары мен қызметкерлері жинаған қаражаттар есебі арқылы алынған ыдыс-аяқ жуатын машинка, 100 спорт костюмдарын және тәттілерді түлектер сыйлыққа алды..

 2010 жылдың сәуірінде Алматы қ. № 2 Арнайы мектеп-интернатына Банктің қаражатына алынған ағаштарды  отырғызу бойынша  акция өткізілді. Ал ағаштарды болса Банктің қызметкерлері отырғызды.

Басқа шаралардың санында – (Халықаралық Балалар қорғау күні) 1 маусымға қарсы өткізілген акция., 1 қыркүйек (Білім күні), Жаңа жылға қарсы әр-түрлі мекемелерге, оның ішінде, «Нұр» жанұя типтес балалар үйіне (Талғар қ.), №1 балалар туберкулезіне қарсы санаторийіне (Алматы қ.), «Ковчег» балалар мекемесіне (Талғар қ.), көмек көрсетілді.   

- Банк және оның қызметкерлері осы жылдың наурыз айында су тасудан азап тартқан, Алматы облысындағы Қызыл – Ағаш ауылының тұрғындарына көмек көрсетті. Нақты көмек ретінде азап тартушылар не алды?

- Банктің Қызметкерлерімен осы мақсатпен жарты миллион теңгеден астам ақша жиналды, ал банк азап шеккендерге 10 млн. теңге бөліп берді. Осындай көмектерді Халық банкі үнемі жасап тұрады. 2008 жылы Банкпен 10 млн. теңге көлемінде, Оңтүстік Қазақстан облысының су тасудан азап шеккендеріне қайырымдылық көмек көрсетілген, ал Батыс Қазақстан облысында болған жер сілкінудің зардабын жоюға 10 млн. теңге бөлінді.  

 Өте маңызды, біздің Банк қаладамушылық  жобаларын дамытуға көңіл аударады. Сондай-ақ, 2008 жылы Алматы қаласының жаңа құрылған ауданын жайластыру үшін «Жаңа Алатау» ҚҚ –на, 10 млн. теңге көлемінде, демеушілік көмек көрсетті. Ал былтыр 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде, Шаңырақ ықшам ауданында болған тасқын су тасудан азап тартушылардың үйлерін салуға  қайырымдылық көмек көрсетілді.

Жалпы, Халық Банк бұдан әрі де өз қайырымдылық және демеушілік бағдарламасы шектеуінде, әлеуметтік-қорғанбаған мекендеушілер топтарына көмек көрсетіп, әлеуметтік жауапкершіліктің принциптарын ұстайтындығын айтып кету керек.